БІРІНШІ БӨЛІМ
Әр тайпаның өз тілі, діни нанымы, жалпыға міндетті жосындары мен
әдет-ғұрыптары болды. Мәселен, Австралияның оңтүстігіндегі қазіргі
Аделаида төңірегінде әке жағынан туысатын патрижелілі (patrilineal)
рулар өмір сүрді. Олар аумақтық нышан бойынша тайпаларға бірікті.
Австралияныңсолтүстігіндегі кейбір тайпалар, керісінше, шыққантекті
шеше жағынан таратуға мән беріп, жер аумағы бойынша, сыйынатын
тотемдеріне қарай тайпаларға топтасты.
Ежелгі аңшылар мен терімшілер арасында да тап қазіргідей этникалық
және мәдени әртүрлілік орнаған деп жорамалдауға негіз бар. Аграрлық ре
волюция қарсаңында жер жүзін жайлаған 5-8 миллион адам әртекті тілі
мен мәдениеті бар мыңцаған тайпаға бөлінді3. Когнитивті революцияның
мирасы ғой: қиял тілінің арқасында тіпті гендері ортақ, бірдей экологиялық
жағдайда өмір сүретін адамдар ойдан шығарылған әр алуан шындықты,
яғни түрлі құндылықтар мен нормаларды үсына бастады.
Мысалы, 30 мың жыл бұрын, қазіргі Оксфорд университеті ор-
наласқан жерде өмір сүрген адамдар ежелгі Кембридж тұрғындары-
ның қолданған тілінде сөйлеген жоқ деуге толық негіз бар. Бір тайпа
жауынгер, келесі тайпа бейбіт, момын болуы мүмкін. Кембридждіктер
коммуна күйінде, ал оксфордтықтар отбасына бөліне өмір сүрді делік.
Кембридждіктер (оларды кантабригиялықтар деп атаған дурыс) же-
беуші рухтың мүсінін ерінбей-жалықпай ағаштан жонды. Оксониялық-
тар билеу арқылы аруақтарға қүрмет көрсетті. Біріншілері реинкарна-
цияны мойындады, екіншілері бүл түжырымды сандыраққа балады.
Бір қоғамда жыныстастардың қатынасына рүқсат берді, ал келесісінде
бұған қатаң түрде тыйым салды.
Басқаша айтқанда, антропологтардың қазіргі терімші халықтар-
дың түрмыс-тіршілігін бақылаулары ежелгі терімшілер мен аңшылар
қоғамын көзге елестеткенімен, ерте дәуірде мүмкіндіктер көкжиегі* әл-
деқайда кең еді. Олардың бәрі сынаптай сырғып, назарымыздан тым
жырақтап кетті. Sapiens-тердің «табиғи тұрмыс салты» туралы қызыл-
кеңірдек айтыстар: когнитивті революциядан кейін адамның түрмыс
салтындағы әлдебір нәрсе туралы айту қисынсыздығын қаперден қа-
ғыс қалдыра береді. Көз арбап, көңіл жаулаған бояу реңктерінің ара
сында мәдени таңдау ғана бар.
Достарыңызбен бөлісу: