&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


К ОГНИТИВТІ РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ



Pdf көрінісі
бет52/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

50


К ОГНИТИВТІ РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ
* * *
Мекендеген жерлердің көпшілігінде адам уйірі қоректенудің мей- 
лінше икемді, қолайлы тәсілін тапты. Ақ құмырсқалар мен жидектерді 
теріп, тамырларды қазып алды, қояндарды ұстап, бизондар мен ма- 
монттарды аулады. Көпке мәлім «Аңшы адам» бейнесіне қарамастан
sapiens-тер терімшілікпен айналысты, шақпақтас, ағаш, бамбук секілді 
шикізаттарды өңдеді.
Адамның мұқтажы тағаммен, материалмен және киіммен аяқтал- 
мады: олар барлық жерден білім іздеді. Күнелтіп, тіршілік ету үшін жер- 
гілікті орынның картасын ойша құрап, жадында сақтады. Күн сайын 
тамақ іздеу әрекеті нәтижелі болу үшін терімшілер бүкіл өсімдіктің та- 
биғи циклдері мен барша жануардың қылық-дағдысы туралы жеткілікті 
ақпарат алуы керек еді. Оларға қандай тағам түрі маңызды, қайсысы- 
нан ауырып қалуы мүмкін, қайсысы шипа дарытады - оларды да білу 
қажет болды. Жыл маусымының ауысуын қадағалап, найзағайдың 
немесе қуаңшылықтың жақындап қалғанын аңдататын құбылыстар- 
ды есте сақтауға тырысты. Адамдар әр бұлақты, әр ағашты, әр үңгірді 
және шақпақтас шығатын жердің бәрін зерттеді. Тас пышақтар жасау- 
ды, жыртылған киімді жамауды, қояндарға тұзақ құрып, қар көшкінінен 
сақтануды, жыланның шағуы мен арыстанның шабуылынан қорғануды 
үйренді... Мұншалықты мол білім мен дағдыны игеру үшін біраз жыл 
бойы зерттеп, үйреніп, тәжірибе жинақтады. Ежелгі аңшы найзаның 
сүңгісін санаулы минуттарда қайрап шығатын хас шеберге айналды -
бұл шаруа қазіргі адамның ілуде біреуінің қолынан келер: шақпақтас 
пен базальттың қасиетін білмейміз, қайрап-жонуға ебіміз де кемшін.
Былайша айтқанда, қазіргі ұрпақтарына қарағанда ежелгі адам өзі 
мекен еткен орта туралы тыңғылықты, алуан түрлі әрі терең біліммен 
қаруланды. Индустриялықел азаматтарының көпшілігі надан бола тұра, 
жүрт қатарлы күнелтіп, тірлік кеше береді. Компьютерно, сақтандыру 
агенті, тарих пәнінің оқытушысы немесе фабрика жұмысшысы болу 
үшін табиғат жөнінде көп білудің қажеті бар ма? Шеңбері шектеулі 
мамандығымызды байыпты меңгеруге тиіспіз, ал өмірлік-тұрмыстық 
зәрулігі мол кейбір мәселелерге тірелгенде көзді жүмып, сол сала 
мамандарының көмегіне жүгіне саламыз. Сайып келгенде, қазіргі 
адамзат қауымы ежелгі рулар мен тайпаларға қарағанда әлдеқайда 
мол ақпарат жинақтады, алайда ертедегі аңшылар мен терімшілер 
тарихтағы ең зерделі де білікті адамдар еді деген атаққа әбден лайық.
Кейбір деректер sapiens миының көлемі орташа есөппен сол дәуір- 
ден біршама 
кішірейгенін
көрсетеді5. Ерте кезде тіршілік ету үлкен 
интеллектіні қажет етті. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өркен- 
деуіне орай, «ақымақтар» тұйыққа тіреліп қалатын кедергілер көбейді. 
Мәселен, су тасушы болып немесе конвейерде еңбек етіп күнелтудің, 
ақырында «ақылсыз» геніңді ұрпағыңа қалдырудың мүмкіндігі туды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет