қағуға, жаялықтарды жуып, есепшоттағы қарызды төлеуге жүгірмеді. Қазіргі аграрлық немесе индустриялық қоғам мүшелерінің тұрмы- сымен салыстырғанда, сол кездегі экономика адамдардың көпшілігі- нің мейлінше қызықты да мағыналы өмір сүруіне мүмкіндік берді. Фаб- рикада жұмыс істейтін бүгінгі қытай әйелі таңғы жетіде үйінен шығып, лас көшелермен түнжыраған ғимаратқа жетеді де, тыным таппай, сол баяғы бір станокпен жігерін құм қылатын жүмысты он сағат бойы ой- сыз орындайды. Кешкі жетігө таман үйге қайтады - оны жуылмаған ыдыстар мен киім-кешек күтіп тұрады. Осыдан 30 мың жыл бұрын тап осы Қытайдағы көшпенді әйел, айталық, таңғы сегіздер шамасында құрбыларымен қосыннан шығатын. Маңайдағы орман-тоғайды кезіп, саңырауқұлақ жинап, жеуге жарамды тамырларды қазып алатын, ба- қаларды аулап, жолбарыстан қашатын. Олардың өсекті бұрқыратып, асықпай әңгіме-дүкен құруға, балаларымен ойнап, көз шырымын алу- ға да уақыттары жеткілікті еді. Өлбетте, кейде әлдекім жолбарыстың 52
К О ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ ЦИЯ азуына ілігіп, жылан шаққаннан қаза тауып жатты. Есесіне, автомо биль апатына үшырау немесе қоршаған ортаның ластануынан жапа шегу қатері төнген жоқ қой. Жер жүзінің көп өңірінде кез келген дәуірде терімшілік адам ор ганизмов тәуір диета үсынды. Мұның таңғалатын түгі жоқ - өйткені адам мыңжылдықтар бойы солай қоректенді, біздің организм сондай тағамдарға үйренген. Тасқа айналған сүйектер мен қаңқаларға ка рал, бабаларымыздың аштықтан немесе тағамнан залы болмағанын, орташа есеппен алғанда, өкшебасар үрпақтарынан - егіншілерден бойлары әжептәуір биік, денелері шымыр болғанын көреміз. Орташа