ды. Иттен басқа үй жануарын ұстамаған ежелгі терімшілер мен аңшы- лар өлгіндей кесапатты білген дө жоқ. Тағы бір кесірлі жайт: аграрлық жөне өнеркәсіптік қоғам тұрғындары иін тірескен, гигиеналық жағдайы өте нашар, жұқпалы кеселдердің ошағындай тым тығыз ортада тұрды. Терімшілер мен аңшылар шағын топтарға бөліне тірлік етіп, бір қоныс- тан екіншісіне жиі ауысып отырды, осының өзі түрлі індеттің таралуы- на жол бермеді. 53
БІРІНШІ БӨЛІМ * * *
Сіңімді әрі алуан түрлі тамақ, салыстырмалы түрде қысқа жұмыс аптасы, жуқпалы аурулардың жоқтығы - осының бәрі ғалымдардың ауыл шаруашылығына дейінгі қоғамды «бурыннан бақуатты орта» деп сипаттауына себеп болды. Әрине, осынау бағзы кезді басынан қус ушырмай, асыра мақтау да дурыс болмас еді. Көшпенділердің турмыс салты шаруалар мен өнеркәсіп жумысшылары қызығарлықтай болға- нымен, оларда да қиындықтар мен қайғылы жағдайлар жетіп артыл- ды. Әлдебір себептермен ашаршылық қаупі және басқа қиындықтар жауар булттай бастарына үйіріліп турды. Балалардың өлім-жітімге ушырау деңгейі тым жоғары болды, кез келген сәтсіз оқиға, мысалы, талдан қ у л а у - көбінесе қайғылы жағдайға уласты. Рудың барлық мүшелері тату-тәтті, қоян-қолтық байланыс орнаған ортада өздерін алаңсыз, бейқам сезінгенімен, төңірегіне жеккөрінішті немесе күлкілі болғандардың қиналғаны анық. Алғашқы қауымдық қалыптан шыға алмай қалған қазіргі улыс-тайпаларда көшке ілесе алмайтын қарттар мен науқастарды аштан қатыратын немесе өлтіріп тастайтын әдет- ғурып әлі бар. Сондай-ақ дүниеге қалаусыз келген бөбектер мен кіш- кентай балаларды да жойып отырды, тіпті адамды қурбандыққа шалу