&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


лады ма, әлде бұдан төуір қорөк табылмаған соң талғажу қылды ма?



Pdf көрінісі
бет59/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

лады ма, әлде бұдан төуір қорөк табылмаған соң талғажу қылды ма?
Жаңғақ ағашының бұтағынан оларға аруақтар елестөді ме? Ж аңғақ
жапырақтарының пішіні өдөмі көрінді ме? Аңшылар мөн терімшілер
тайпасының бозбаласы қызбен оңаша сырласуды қаласа, романти-
калық мүйіс ретінде жаңғақ ағашының саясын таңдады ма екен? Иә,
материалдық әлем құбылыстарынан гөрі наным мөн сезімді тап баса
тану, зерттеп-зерделеу әлдөқайда қиын.
Ғалымдардың көпшілігі ежелгі аңшылар мен терімшілер арасында
анимистикалық (лат. апіта -  жан, рух) ұғымдар кең тарады, яғни олар-
дың әлемі бір-бірімен байланысып жатқан тірі нәрселерге толы болды
деген ойды құптайды. Анимистің ойынша, кез келген жер мен жануар,
өсімдік пен табиғи құбылыстар сана мен сезімге ие. Анимист жартас
55


БІР ІН Ш І БӨЛІМ
шыңындағы анау қойтас сезім мен тілекке бөгіп, әлденеге мұқтаж деген-
ге шүбәсіз сенеді. Қойтас адамдардың әлдебір қылығына назырқанып,
әлдебіріне разы болады. Тас - сақтандырып, тас - өзіне табынуды та-
лап етеді. Адамдар да тасқа жалбарынып, талап-тілегін, қауіп-қатерін
айта алады. Тастың ғана емес, жартастың етегіндегі еменнің де, алап-
тағы ағындаған бұлақтың да, оны көмкерген бұтаның да жаны бар. Осы
бұлақтан су ішкен саршұнақ, қасқыр мен қарға да киелі. Анимистің тү-
сінігінде, тек нақты заттар мен тіршілік иелері ғана емес, материалдық
емес болмыстың бәрі: өлгендердің рухы, қазір жын, пері мен періште
деп жүрген әрқилы ізгі және зиянды күштер де жанды саналады.
Анимист адамды басқа тіршілік иелерінен бөлектеп, араларына бі-
теу қабырға қалап қоймайды. Барлығы сөздің, әннің, би мен салт-жо-
раның көмегімен тікелей тілдеседі. Аңшы бұғылар табынына тіл қатып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет