&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


мистиктерге де (XII ғасыр, Иран), X ғасырдағы жаужүрек викингтерге



Pdf көрінісі
бет61/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

мистиктерге де (XII ғасыр, Иран), X ғасырдағы жаужүрек викингтерге
де, рим легионерлеріне де (II ғасыр), қытай шенеуніктеріне де (I ғасыр)
«теист» деген ортақ айдар таға салуға болады. Өйткені осы аталған
адамдар тобына жататындардың кез келгені өзге наным мен діни
ұстанымдарды құбыжық көріп, күпірлікке балады. Ежелгі анимистердің
56


К ОГНИТИВТІ РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ
сенімдері мен үстанымдары да бір-бірінен ерекшеленіп, қайшы келуден 
қүралақан қалмаған шығар. Олардың діни тәжірибелері де түп-түзу әрі 
тып-тыныш жолмен қалыптаспай, қақтығыстарды, реформалар мен 
революцияларды бастан өткеруі әбден мүмкін.
Осындай ой қорытулар мен ескертпелерден әріге бара алмаймыз. 
Сол кездегі рухани тұрмыстың нақты болмысын ашып көрсетуге тыры- 
судың кез келгені барып түрған дәйексіздік пен қызыл сөздің шоғын қоз- 
дату болып қалады, себебі біздің қолда жартымды дерек жоқ. Ал енді та- 
былған болмашы материалдық айғақтар - шөкімдей артефактілер мен 
жартастағы суреттер ғана, солардың төңірегінде мың түрлі түсіндірме 
жосып жүр. Шындығын айтсақ, ежелгі терімшілердің ойлау жүйелері мен 
сезім ағымдарына қатысты теориялар палеолит дәуірінің нанымынан 
гөрі қазіргі зерттеушілердің соқыр сеніміне сәуле түсіретін сияқты.
Қорымнан табылған аз ғана мүкәмалдың, жартастағы суреттер мен 
сүйек мүсіншелердің үстіне теориялардан тау тұрғызғаннан гөрі ежелгі 
аңшылар мен терімшілердің діні туралы бүлыңғырлау түсінігіміз барын 
ашық мойындағанымыз жөн болар еді. Оларды «анимистер» дейміз, 
бірақ бүлай атаудың өзі бізге ештеңе айтпайды ғой. Қандай рухтарға 
сыйынып, қандай мерекелерді атап өткенін, қандай тыйым үстанғанын 
білмейміз. Осынау рәсімдердің арғы жағында түрған мифтер жайынан 
бейхабармыз. Бүл да өзіміз «адамзат тарихы» деп жүрген ұлы жылна- 
мадағы жыртық, орны үңірейген парақтың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет