ларға, ұжымда өмір сүру білігіне, бәлкім, болжау қабілөтіне ие болды - содан соң Афроазияның шегінен шығып, бүкіл әлемді бағындырды. Олар Австралияны осыдан 45 мың жыл бұрын отарлай бастады. Оған қалай шамалары жөткенін түсіне алмай, ғалымдар әлі күнге дейін бас қатыруда. Австралияға жету үшін ені 100 шақырымнан асатын бұғаз- дарды көктөй өту, тек содан соң ғана мүлде басқаша экожүйеге табан тіреу қажет. Шындыққа бір табан жуықтайтын жорамалға сай, шамамен 45 мың жыл бурын Индонезия аралдарын (бұл аралдар тобы Азиядан бір-бі- рінен өте жіңішке буғаздар арқылы бөлінген) мекендеген sapiens-тер адамзат тарихындағы алғашқы теңізшілер болып шықты. Олар мұхит- та жүзуге арналған кемелер жасауды үйреніп, жағадан алысқа жүзіп барып балық аулады, жаңа жерлерді ашып, «халықаралық» сауда- саттықты өркендетті. Тұрмыс салтын мұншалықты түбегейлі өзгерту- дің, мысалы, жер жүзінің тарихында болған емес. Кез келген сүтқорек- тілердің - итбалықтың, теңіз сиырының (sea cows), дельфиннің теңіз жануарына айналуына миллиондаған жылдар қажет болды, дене пі- шінін сүйірлендіріп, «арнаулы» ағзаларды дамытуларына тура келді. Африка саванналарында қаңғып жүрген маймылдардың ұрпақтары, Индонезия sapiens-тері болса, итбалықтар сияқты ескекаяқ өсірмес- тен, киттер тәрізді тұмсығы төбесіне жылжуын күтпестен кеме жасауға 63
БІРІН ШІ БӨЛІМ кірісті де, онымен жүзуді үйреніп алды. Бүл дағдылар индонезиялық- тардың да Австралияға жетіп, тұрақтап қалуына көмектесті. 45 мың жыл бұрынғы салды, ескекті немесе тұтас балықшы қо- нысын қазып алған жақсы болар еді (бұл - оңай шаруа емес, өйткені содан бері әлемдік мүхит деңгейі көтеріліп, бұрынғы Индонезия жа-