&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Б ІР ІН Ш І БӨЛІМ



Pdf көрінісі
бет47/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

45


Б ІР ІН Ш І БӨЛІМ
жыл бұрын) мен ауылшаруашылық революциясы басталғанға дейінгі 
(шамамен 12 мың жыл бұрын) аралықта қандай жағдайда өмір сүргенін 
білуіміз керек.
* * *
Өкінішке қарай, қолымызда сенімді дәлел жоқ. «Архаикалық ком­
муна» мен «ежелгі моногамия» ілімін жақтаушылар арасындағы дау- 
дамайдың ұзын-ырғасы аса жұтаң, мардымсыздау деректерге арқа 
таңады. Ол дәуірдің жазба деректері қалмағаны түсінікті, ал археоло- 
гиялық олжалар қалтарыстағы қаңқалар мен тасшақпақ аспаптар тү- 
рінде ғана үшырасады. Одан әлдеқайда әлсіз материалдар - ағаштан, 
қамыс пен теріден жасалған бұйымдар ілеуде біреу кездесіп қалады. 
«Тас ғасыры» деген ұғым және құдды ауыл шаруашылығы өркендеген 
дәуірге дейін адамдар тастан басқа ештеңе білмеген сияқты көрінетін 
түсініктің өзі осы археологиялық орашолақтықтан туындаған. Негізі, 
бұл кезеңді «ағаш ғасыры» деп атаған дұрыстау болар еді. Өйткені 
ежелгі аңшылар мен терімшілердің қүрал-саймандары ағаштан жа- 
салды, ағашқа қарағанда жақсы сақталатындықтан, қазір тек тас құ- 
рал-жабдықтарды ғана тауып жүрміз.
Сақталып қалған заттардың негізінде ежелгі адамдардың түрмыс- 
тіршілігін қайта құрастыру өте қиын. Сол кездегі аңшылар мен терім- 
шілер және олардың аграрлық және индустриялық дәуірдегі ұрпақта- 
рының арасындағы көпе-көрінеу айырмашылықтардың бірі - аздаған 
заттарды қанағат түтты, сол заттардың бәрі бірдей олардың тірлігінде 
толық кәдеге асқан жоқ. Дамыған елдің азаматтары өз өмірінде мил- 
лиондаған: үй-жай мен машинадан бастап памперс пен сүт пакетіне 
дейінгі бүйымның тұрақты немесе уақытша иегеріне айналады. Кез 
келген қызметті, сол кездегі наным немесе эмоцияны осындай зат- 
тар арқылы байқауға болады. Айталық, тамақ ішу салтымыз ақылға 
сыйымсыз заттар мен институттарды, қасықтан бастап генетикалық 
зертханалар мен мұхит кемелеріне дейінгі нәрселерді ойлап тапты. 
Картадан бастап 100 мың орындық стадионға дейінгі «ойыншықтары- 
мыз» қаншама! Романтикалық әрі сексуалдық қарым-қатынасымыз са- 
қинамен, кереуеттермен, әдемі киіммен, мүшеқаппен, сән-салтанатты 
мейрамханалармен, арзан қонақүйлермен, танысу агенттіктерімен, 
әуежайлардағы күту залымен, үйлену тойларымен және тамақжеткізіп 
беретін компаниялармен нығайды. Дін - өміріміздің маңызды күнде- 
рін готика соборлары мен мешіттерде, үндіс храмдары мен синагога- 
ларда дәріптейді. Тәураттың шиыршықталған жазбасы, Тибеттің дұға 
ету дөңгелегі, діни қызметкерлердің желбегейі, шырағы мен хош иісті 
түтесі, Жаңа жыл шыршасы, маца күлшелері, мола қүлпытасы, икона- 
лар - бәрі де қажет сияқты көрінеді.
Бір жаққа көшіп, қоныс аударғанға дейін үйімізде қанша мүкәмал 
жиналып қалғанын аңғармаймыз. Көшпелі ата-бабаларымыз тұрған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет