&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


А ГР А Р Л Ы Қ РЕВО ЛЮ ЦИЯ



Pdf көрінісі
бет87/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

76


А ГР А Р Л Ы Қ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
неше мыңжылдық қана өткенде ол бүкіл әлемді басып алды. Негізгі 
критерийлер - тіршілік ету мен өнім беру түрғысынан қарасақ, бидай -
Жер тарихындағы ең табысты өсімдіктердің бірі. Солтүстік Америка- 
ның ¥лы жазығы сияқты өңірлерде 10 мың жыл бүрын бірде-бір масақ 
өскен емес, ал бүгін бірнеше жүздеген шаршы шақырымға созылған 
алқапта бидайдан басқа дақыл кездеспейді. Бидай егістігі жер жү- 
зінің шамамен 2,25 миллион шаршы шақырымын жауып жатыр: бұл 
Үлыбританияның жер аумағынан он есе үлкен. Елеусіздеу өсімдік қа- 
лайша соншалықты шапшаң, тегіс таралып кетті?
Бидай sapiens сорлыны алдап, діттегеніне жетті. Жартылай май- 
мыл бақытты өмір сүріп, аң аулап, өсімдікті азық етіп жүр еді. Шамамен 
10 мың жыл бұрын sapiens бидайды мәденилендірумен шүғылдана 
бастады. Екі мыңжылдық өтер-өтпесте Жер шарының барлық түкпірін- 
де адамдар таңның атысынан күннің батысына дейін тек бидай егіп, 
баптаумен, егін жинаумен ғана айналысты. Бұл - ауыр жұмыс. Егін егу 
үшін бірталай егінші күш біріктіруі қажет. Бидай тастақта өспейді, сон- 
дықтан 
sapiens
-тер арқа еті арша, борбай еті борша болып, даланы та- 
зартты. Бидай күн сәулесін, су мен басқа да нәрлі заттарды өзге өсім- 
діктермен бөліскенді жақтырмайды. Сондықтан адамдар шақырайған 
күн астында тыным таппай арамшөп жүлды. Бидай ауырып қалады -
sapiens
-тер оны зиянкестерден, фузариоз бен басқа да кеселдерден 
қорғауға мәжбүр болды. Бидай өзін жегісі келген жануарлардан, мейлі 
ол қоян не шегіртке болса да, қорғана алмайды. Сондықтан шаруалар- 
дың егістікті қорғауына тура келді. Бидай - сусақ, адамдар бұлақтар 
мен өзектерден су тасып, егіннің шөлін қандырды. Бидайдың аштығын 
басу үшін 
sapiens
-тер жануарлардың тезегін теріп, онымен егістік то- 
пырағын тыңайтты.
Homo
sap/ens-тің денесі мұндай міндеттерді атңаруға арналмаған 
еді. Эволюция адамды даланы тастан тазартып, су тасуға емес, алма 
ағаштың басына өрмелеп, елік қууға бейімдеген. Бұл омыртқаға, ті- 
зеге, мойын мен табанға зақым келтірді. Ежелгі қаңқаларды зерттеу 
нәтижесі ауыл шаруашылығы дамуына байланысты көптеген аурулар- 
дың: омыртқа шеміршегі қажалып, буын, жарық кеселдерінің де пайда 
болғанын көрсетті. Оның үстіне ауылшаруашылық көл уақытты жал- 
майтындықтан, адамдардың отырықшыланып, өз егістігінің маңында 
түруына тура келді. Тұрмыс салты түбегейлі өзгерді. Жоқ, бидайды 
қолға үйретіп, үйге алып келген жоқпыз. Ол бізді үйге «қамады». Бұл 
сөйлемдегі негізгі сөз - латын тіліндегі 
«domus»
(
үй)
қой. Ал үйде кім 
тұрады? Бидай емес, мына біз -
Homo sapiens
тұрамыз.
Емін-еркін өмір салтын ауыр тірлікті тұрмысқа айырбастаған 
адамды бидай қалай «қолға үйретті»? Еркін өмірдің орнына не ұсынды? 
Мүлде пайдасы жоқ тағам мәзірін. Өздеріңіз білесіздер, адам - бәрін 
жей беретін маймыл еді, ол сан алуан азық-түліктүрлерімен қоректенді. 
Аграрлық революцияға дейін оның рационында дәнді дақылдың үлесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет