&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


нің келіспегеніне тіреліп тұр. Аграрлық революция тұзақ еді



Pdf көрінісі
бет91/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

нің келіспегеніне тіреліп тұр. Аграрлық революция тұзақ еді.
Молшылық тузағы
Жер өңдеу ісі баяу таралды: ғасырлар мен мыңжылдықтарға со-
зылды. Саңырауқұлақ пен жаңғақ жинаған Homo sapiens тобы дөрөу
отырықшыға айналып, қоныс салып, жер жыртуға, бидай егіп, жақын
өзеннен су тасып, танаптарды суаруға бірден кірісіп кете қойған жоқ.
Өзгерістер баяу жүрді, әр сатылық кезең күнделікті тұрмысқа елеусіз
өзгерістер енгізді.
Таяу Шығыста адамдар шамамен 70 мың жыл бүрын пайда болды.
Кейінгі 50 мың жылда арғы бабалар ол маңда ауыл шаруашылығынсыз-
ақ өсіп-өркендеді. Келесі 50 мың жылда ол маңдағы арғы бабаларымыз
ауыл шаруашылығынсыз-ақ дамыды. Мұндағы адамдарды асырау үшін
табиғи ресурстар да жеткілікті еді. Тоқшылық жылдары көп бала дүниөге
көліп, қолайсыз кезде өсім азайып көтті. Сүтқоректілердің көпшілігіндегі
сияқты адам бойында көбею үрдісін бақылайтын гормондық және ге-
нетикалық тетіктер іске қосылды. Тоқшылық уақытта қыздар жыныстық
жағынан ертө жөтіліп, ұрықтану мүмкіндігі артты. Ашаршылық жылдары
жыныстық жетілу тежеліп, жүкті болу мүмкіндігі кеміді.
Бала тууды реттеудің осындай табиғи механизміне әлеуметтік те-
тіктер де қабаттасты. Баяу қимылдап, көп қамқорлықты қажет ететін
бөбектер мен шақалақтар көшпенділерге қосымша ауыртпал ық артты.
Әйелдер үш-төрт жылда бір баладан артық тумауға тырысты. Олар
есөйіп көткеншө балаларын күні бойы емшектен айырмады (тәулік
бойы емізу бала көтеру мүмкіндігін елеулі түрде азайтады). Басқа тә-
сілдерді де қолданды: жыныстық қатынастан мүлде немесе ішінара
бас тарту (тыйым салынуы да мүмкін), түсік тастау, тіпті кейде бала
өлтіру дерегі де кездесті4.
Осынау ұзақ мыңжылдықтар бойы адамдар үзбей бидай жеді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет