ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ Б.з.д. алғашқы мыңжылдықтарда мынау дүние мен бүкіл адамзат баласын ортақ ережелер бабына бағындырған әлдебір түтас нәрсе ретінде көруге тұңғыш рет мүмкіндік берген әлемдік үш ахуал әлеуеті қалыптасты. Мұның біріншісі - экономикалық ахуал еді: баршаны ақша біріктірді. Екіншісі - саяси: империялар қалыптасты. Үшіншісі - діни ахуал: әлемдік діндер - буддизм, христиан, ислам діні лайда болды. Адамдарға эволюциямен дарыған «олар» мен «біз» деген қатаң бөлу қамалын алғашқылар сапында саудагерлер, басқыншылар мен пайғамбарлар бүзып өтті. Олар келешекте адамзат қауымының біріге- тінін көре білді. Саудагерлер үшін бүкіл әлем ортақ нарық, ал адамдар түтынушылар еді. Саудагерлер баршаға және барлық жерге кәделі экономикалық салт қалыптастыруға талпынды. Басқыншы үшін бүкіл әлем - болашақ империя, адамдардың барлығы - ықтимал салық тө- леушілер, сондықтан ол Жер шарының шартарабындағы тұрғындар түгелдей мойынсұнатын саяси тәртіп орнатуға тырысты. Соңғы үш мыңжылдықта осы жаһандық көзқарасын жүзеге асыру үшін адамзат батыл қадамға көшті. Келесі үш тарауда ақша, империя лар мен әлемдік діндер қалай таралғанын және олар қазіргі бірегей әлемнің негіздерін қалай салғанын әңгімелейміз. Ең тағатты, әрқилы адамдардың мұқтажына қарай бейімделе кететін, сондықтан да бар- лык жерден өзін өршелене қолдаушыларды тауып ала қоятын ұлы басқыншының тарихын баяндаудан бастаймыз. Бұл басқыншының аты - ақша. Адамдар әртүрлі құдайларға сеніп, әрқилы патшаларға бағынуы мүмкін, бірақ солардың барлығы бір ғана валютаны пайда- лануға құмартып түрады. Усама бен Ладен Америка мәдениетін, діні