тіктер мен бау-бақты ойрандады, гүл жайнаған қалаларды бықсыған қиратындыға айналдырды - осының бәрін Исаның даңқы немесе Алла Тағаланың разылығы үшін істеді. Біртіндеп христиандар еңсере бастады. Жеңістерін мешіттерді қиратып, шіркеулер салумен ғана этап өтпей, олар крест бейнеленіп, дұшпандарын жеңуге қолдау көрсеткен Құдайға разылықтары жазыл- ған алтын жене күміс монеталар соқты. Мүсылман жеңімпаздар араб әліпбиімен «Алладан басқа құдай жоқ, Мухаммед - Оның елшісі» де ген жазу өрнектелген ділдаларды соғып таратты. Тіпті француздар- дың католик епископы Мельгея мен Агда мұсылмандарға үйреншікті ділдалардың айнымайтын көшірмелерін жасады, оны Қудай жолында- ғы христиандар қулшына пайдаланды2. 155
ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ Майданның арғы беті де төзімділік танытты. Мұсылман саудагер- лері Солтүстік Африка аумағында христиан монеталарымен: флорен- циялық флоринмен, венециялық дукатпен, неополитандық джилья- томен есептесті. Тіпті христиандарға қарсы жихадқа шығуға үндейтін мұсылман билеушілері Иса мен Мэриям ананың аты бар монеталар- мен төленген салықты құлшына алды3. Мынау қанша тұрады? Аңшылар мен терімшілер ақшаны білген жоқ. Адамдардың әр тобы іс жүзінде еттен бастап - емдік дәріге, аяқкиімнен бастап - тұмарға де- йінгі қажет еткен нәрсенің бәрін аңшылықта қолға түсірді, тауып алды немесе қолдан жасады. Ton мүшелерінің арасында міндеттер тең бө- лінбеуі мүмкін, алайда «тауарлар» мен «көрсетілетін қызмет» түрлері өзара міндеттілік тетігі арқылы бөлінді. Тегін берілген бір кесек ет - бо- лашақта әлдебір қайтарымды, мысалы, ақысыз медициналықжәрдем- ді талап етті. Адамдардың бұл тобы экономикалықтұрғыдан бір-біріне