&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


де елестететін бүгінгі Батыстан айырмашылығы: Қытай саяси быты-



Pdf көрінісі
бет206/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

де елестететін бүгінгі Батыстан айырмашылығы: Қытай саяси быты-
раңқылық кезеңін берекетсіздік пен әділетсіздік түнегі жайлаған ғасыр
рөтінде қарастырады. Мұндай тұжырымдама ел тарихында із қалдыр-
ды. Кезөкті империя құлаған кездө үстемдік қүрушы саяси теория жаңа
билеушілерді жартыкеш бірнеше тәуелсіз ұлыстардың бөлінуіне төз-
беуге, бәрін біріктіруге талпындырды. Ерте ме, кеш пе бұл талпыныс
кезекті табысқа алып келді.
«Олар» «бізге» айналады
Шүпірлеген шағын мәдениеттерді бірнеше мәдени ортаға айнал-
дыру барысында империялар шешуші рөл атқарды. Идеялар мен
адамдар, тауарлар мен технологиялар бір-бірінен саяси жағынан оқ-
шауланған елдердің шекаралары арқылы өткеннен гөрі империя ішін-
де тез таралады. Көбінесе империялар, ең алдымен, өзінің өмір сүруін
оңайлату үшін идеялардың, институттардың, нормалар мен әдет-ғү-
рыптардың таралуына саналы түрде ықпал етеді. Әрбір шағын аймақ
175


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
өз заңын, ерекше тілі мен жазу үлгісін ойлап табу, монета соғу, елді 
басқару оңай емес. Императорлар стандарттауды қолайлы көрді.
Екінші, тағы бір маңызды мақсаттың бірі - императорлар заң- 
дылығын нығайту, сол үшін де бірегей мәдениетті орнықтырамыз 
деп жанталасты. Жоғары мәдениетті тарату, бірінші кезекте жеңім- 
паздардың емес, бағыныштылардың қамын ойлау қажеттігіне бай- 
ланысты Кир мен Цинь Шихуанди заманынан бері империялар, ол 
мейлі жол салса да немесе қантөгіс жасаса да, өз іс-әрекетін ақтап 
алды.
Империяның басқа артықшылықтары да: бірегей құқық, реттел- 
ген қала тұрмысы, өлшем шамалары мен таразыларды қалыптау 
пайдасы көзге көрініп тұрды. Басқа игіліктері - алым-салықтар, 
әскери бағыныштылық, император культі, әрине, көңілге күмән ұя- 
латады. Бірақ империялық элитаның көпшілігі империяның қол ас- 
тындағы дүйім халықтың игілігіне еңбектеніп жүргендеріне шүбәсіз 
сенді. Қытайдың билеп-төстеуші табы көрші елдерге де, бағынды- 
рылған жатжұрттықтарға да қиық құлақ варварлар ретінде қарап, 
империя оларға мәдениеттің сәулесін түсіріп жатыр деп есептеді. 
«Аспан мандаты» императорға бүкіл әлемді езіп-қанау үшін емес, 
адамзат қауымын оқытып-ағарту үшін берілген. Римдіктер де оз- 
бырлықтарын варварларды бейбітшілікке, әділеттілікке, өркениетке 
үйретеміз деген желеумен ақтап алғысы келді. Римдіктер көпшілік 
моншаға шомылдырып, басбүзар қылықтарын заңға бағындырғанша, 
сондай-ақ әдет-ғұрыптарын философия ілімімен жүмсартқанша, жаба- 
йы германдықтар мен денесін суретпен безендірген галлдар қас надан 
қараңғылық пен бейшаралықта өмір сүрді. Б.з.д. Ill ғасырдағы Маурия 
империясы сауатсыз әлемге Будда ілімін алып баруды өзінің миссиясы 
санады. Мұсылман халифтері Мұхаммедтің уағыздарын мүмкінді- 
гі келгенше - бейбіт жолмен, егер келмесе, қылыштың жүзімен та­
рату үшін өзіндік «Аслан мандатын» иеленді. Испан және португал 
корольдері Үндістан мен Америкадан байлық талап етпейтінін, та- 
лай адасқан жанды тура жолға салғысы келетіндерін айтып, ант- 
су ішті. Британ империясы либерализм мен еркін сауда-саттықтың 
қосамжар Інжілін уағыздады. Кеңес Одағы капитализмнен пролета- 
риаттың утопиялық диктатурасына көшудің тарихи тұрғыдан қашып 
құтыла алмайтын үдерісін тездетуді парызы санады. Америкалық- 
тардың көпшілігі өз үкіметін тіпті F-16 мен зымырандар қанатымен 
апарса да, үшінші әлем елдеріне демократия мен адам құқығын ор- 
натуды моральдық борышына балады.
Империялар тарататын мәдениет билеуші элитаның ғана 
іс-әрекеті еді. Империялықидея табиғатынан әмбебап әрі жалпылама 
болғандықтан, империялық элита бірден-бір дұрыс дәстүрге тістей 
қатып қалған емес. Әйтсе де олар өздеріне қолайлы көрінетін 
идеяларды, дәстүрлер мен нормаларды жалпы тұжырымдамаға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет