&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


өлтіріп, тіпті қартаю үдерісін де тежейді13. Кейбір танымал ғалымдар



Pdf көрінісі
бет282/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

өлтіріп, тіпті қартаю үдерісін де тежейді13. Кейбір танымал ғалымдар
2050 жылға таман адамдардың бір бөлігі өлім-жітімге ұшырамайтын
болады (ажалсыз болады деп айтпайды, өйткені олар бәрібір жарақат-
тан, әлде ауру-сырқаудан көз жұмады, алайда «өлім-жітімге ұшыра-
майтын» сөзінің астарында, жазатайым оқиғаға тап келмесе, олардың
өмір сүру мерзімі шексіз болады деген мағына жатыр) дейді.
«Гильгамеш» жобасының қаншалықты нәтижелі болатынына қа-
рамастан, тарихи көзқарас тұрғысынан жаңа заман діндері мен идео-
логиялардың көпшілігі өздерінің өлім мен о дүниедегі өмір формула-
сын сызып тастауға асыққандарын атап өту енді қызық көрінеді. XVIII
ғасырға дейін діни ғұламалар мен философтардың бірталайы мына
пәни дүниенің мән-мағынасын өлім мен бақи дүниедегі өмірге жалтақ-
тай отырып анықтады. XVIII ғасырда либерализм, социализм, феми­
низм сияқты ілімдер туындап, одан әрі дами түсті: олар үшін өлім тех-
никалық мәселеге айналды, өлгеннен кейін болмысқа ден қоюшылық
ауаны мүлде жоғалды. Өлгеннен кейін коммуниске не болады? Ал ка-
питалиске, феминиске ше? Маркстің, Адам Смиттің немесе Симон де
Бовуардың еңбектерінен бұл сауалдарға жауап таба алмаймыз. Өлім
2 3 5


ТӨ Р ТІН Ш І БӨЛІМ
идеясына ден қойған бірден-бір жаңа заман идеологиясы - ұлтииыл-
дық қана. Ең поэтикалық және патетикалық шырқау сәттерінде ұлт-
шылдық Отан үшін жанын пида ететіндерді халық жадындағы мәңгілік
өмірмен емексітеді. Бірақ бұл біртүрлі бұлыңғырлау уәде тіпті ұлтшыл-
дардың өздері көбінесе оны қалай бағаларын білмейді.
Ғ ылымдардың қамқоршысы
Технологиялық дәуірде өмір сүреміз. Ғылым мен техника мәселе-
леріміздің шешімін табады. «Ғалымдардың өз ісімен шүғылдануына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет