&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Тым беріде - XIX ғасырда мықты дәрігерлер ауруды жұқтыру мен



Pdf көрінісі
бет279/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Тым беріде - XIX ғасырда мықты дәрігерлер ауруды жұқтыру мен
жара іріңдеуінің бетін тойтару амалдарын білмеді. Дала госпиталь-
дарында хирургтер жарақаттанғандардың тіпті жеңіл-желпі сызат
түскендердің барлығының аяқ-қолын кесіп тастай берді; гангренадан
қауіптенді. Ол кезде бүкіл медициналық емшаралар сияқты ампута­
ция, соның ішінде тіс жұлу да наркозсыз жасалды. Алғашқы анестезия
құралдары - хлороформ мен морфин Батые медицинасында тек XIX
ғасыр ортасынан бері тұрақты қолданыла бастады. Хлороформ дәуі-
ріне дейін жараланған жолдастарын терт солдат тырп еткізбей басып
233


ТӨ Р ТІН Ш І БӨЛІМ
тұрды, ал дәрігер жарақаты бар аяғын не қолын арамен кесуге кірісті.
Ватерлоодан (1815 жыл) кейінгі таң әлетінде далалық госпитальдің ал-
дында кесілген аяқ пен қолдар таутөбедей үйіліп жатты. Сол кезеңде
армия қатарындағы ағаш ұсталары мен қасапшыларды көбінесе ме-
дициналық жасаққа жіберетін, себебі хирургтің көмекшілері ара мен
пышақты шебер пайдалануға тиіс еді.
Ватерлоодан кейінгі екі ғасыр ішінде ахуал түбірімен өзгерді. Дәрі-
дәрмектер, екпелер, күрделі оталар бұрындары беті бері қарамайды деп
есептелген талай адамды ауру-сырқау мен ауыр жарақаттан аман алып
қалды. Бүгінде күнделікті сырқаттан да, ата-бабаларымыздың ажыра-
мас бөлігіндей болып, әбден діңкелеткен ауру түрлерінен де қорғалған-
быз. Өмір сүру мерзімінің орташа мөлшері, тұтастай алғанда, әлемде
2 5 -4 0 және 67 жасқа дейін, дамыған елдерде 80 жасқа дейін ұзарды8.
Тажал ажал балалардың өлім-жітімі аясында оңбай жеңілді. X X ға-
сырға дейін әрбір төртінші бала немесе аграрлық қоғамда туған әрбір
үшінші бала кәмелет жасына жетпеді. Оларды сүзек, қызылша, қорасан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет