дарды ақтап алады, бірақ сол үшін ғылыми жүмыстар барысына ықпал
етуге кірісіп, нәтижесіне қалай билікжүргізу керегін айқындайды. Міне,
сондықтан да адамзат баласының қандай да бір басқа мекенге емес,
Аламгордо мен Айға барғанын түсіну үшін физиктердің, биологтар мен
әлеуметтанушылардың жетістігін қарастыру жеткіліксіз. Белгілі бір ба-
ғытқа итере, өзгелер туралы ұмыта отырып, физикаға, биология мен
әлеуметтануға ықпал еткен идеологиялық, саяси және экономикалық
күштерді де қаперге алу керек.
Назарымыз, әсіресе екі нәрсеге: империализм мен капитализмге
ауады. Ғылым, билік пен қоғам арасындағы жағымды кері байланыс
түйінінің нақ өзі, сірә, соңғы 500 жыл ағымындағы тарихи дамудың
негізгі моторы болғаны кәміл. Келесі тарауларда бұл қалай жұмыс іс-
тейтінін талдаймыз. Ең алдымен осынау қос турбина қозғалтқышында
ғылым мен биліктің қалай қосылғанын қарастырып, содан соң екеуінің
капитализмнің ақша сорғышымен қалай байланысып жатқанына тоқ-
таламыз.
238
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
15-тарау
Ғылым мен империяның одағы
Күн Жерден қаншалықты алыс? Жаңа заман басында әсіресе Ко
перник он сегіз мың ғаламның ортасында Жер емес, Күн орналасқанын
дәйекті түрде долбарлағаннан кейін астрономдар осы сауалға жауап із-
деуге құлшына кірісті. Арақашықтықты есептеп шығаруға астрономдар
да, математиктер де талпынды, бірақ әдісіне байланысты түрлі нәтиже
шықты. Мұндай есептеудің сенімді тәсілі тек XVIII ғасырдың ортасын
да ғана табылды. Бірнеше жылда бір рет Шолпан ғаламшары Күн мен
Жердің арасынан өтеді. Шолпанды Жердің әр нүктесінен әрқилы көре-
міз, өйткені ғаламшарды көретін бұрыш өзгере береді. Әртүрлі құрлық-
Достарыңызбен бөлісу: |