239
Т Ө Р Т ІН Ш І Б ӨЛІМ
Зеландияда болып, еліне қайтып оралды. Еуропалықтардың қолына
астрономиялық, географиялық, метеорологиялық, ботаникалық, зоо-
логиялық және антропологиялық деректердің ауқымды қоры түсті.
Бүл жаңалықтар бірқатар ғылым саласын елеулі түрде алға жетеле-
ді. Оңтүстік теңіздер туралы таңғажайып әңгімелер еуропалықтардың
қиялын шарықтатып, астрономдар мен натуралистердің жаңа буынын
шабыттандыра түсті.
Куктің экспедициясы басқа пәндермен қатар медицина саласын да
едәуір байытты. Сол кездерде теңізшілер алысқа аттанып бара жатқан-
да, команданың жартысы сапардан қайтып оралмайтынын түсінетін.
Олар зұлым тағылардың, теңіз қарақшыларының қолынан немесе үй-
ішін сағынғаннан емес, «құрқұлақ» деп аталатын түсініксіз ауру кесірінен
қаза табатын. Науқасқа шалдыққандар маубастанып, тұнжырай беретін,
ауыздың іші мен қызылиегі қанайтын. Ауру асқынған сайын тістері түсіп,
түла бойы қалтырап, сарыаурудың нышаны білінеді, жүріс-тұрысында
икемсіздік пайда бола бастайды. XVII—XVIII ғасырлар аралығында құрқұ-
лақ шамамен екі миллион теңізшіні өмірден ерте алып кетті. Себебін еш-
кім білмеді, қандай амал қолданса да, теңізшілер өле берді. 1747 жылы
ағылшын дәрігері Джеймс Линд ауруға шалдыққан теңізшілерге бақылау
сынағын жасаған кезде үміт оты жылтырады. Ол науқастарды бірнеше
топқа бөліп, әрқайсысын басқаша емдеді. Топтардың біріне ол цитрусты
тағамдар ішуді тағайындады - науқастар тез сауықты. Линд жемістер-
дің құрамында теңізшілер организіміне жетіспейтін не нәрсе бар екенін
білген жоқ. Ал қазір бізге құрқүлақ кеселін вирус пен бактерия емес, С
дәруменіне тапшылық туындататыны белгілі. Сол кезеңде кемедегі ас
Достарыңызбен бөлісу: |