&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


тасманиялық тұрғын, жүз жыл бұрын өлген әйел - Труганинидің сү-



Pdf көрінісі
бет292/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

тасманиялық тұрғын, жүз жыл бұрын өлген әйел - Труганинидің сү-
йегін жер қойнына тапсыруға келісім берді. Ағылшынның корольдік
хирургиялық колледжі оның шашы мен терісінің үлгілік бөлігінен 2002
жылға дейін айырылғысы келмеді.
Кук экспедициясын қалай атаған жөн: әскерилердің қорғанышында-
ғы ғылыми экспедиция ма, әлде бірнеше ғалымды ұстап әкеткен әскери
жорық па? Бүл - «тостаған жартылай толып тұр ма, әлде жартылай бос
тұр ма?» деп сұрағанмен парапар. Ғылыми революция мен жаңа заман-
дағы империализм - ажырамас серіктер. Джеймс Кук пен ботаник Джзеф
Бэнкс сияқты адамдар ғылым мен империяны бөле-жармайтын шығар.
Олардың айырмашылығы жоғын бейшара Труганини де көрді ғой.
16-728
241


Т ӨРТІН Ш І БӨЛІМ
Неге Еуропа?
Солтүстік Атлантикадағы үлкен аралдан шыққан адамдардың 
Австралияның оңтүстігіне таман орналасқан ауқымды аралды басып 
алу дерегі - тарихтың ақылға сыйымсыздау жағдаяттарының бірі са- 
налады. Колумб экспедициясына дейінгі уақытта Британ аралдары, 
иә, бүкіл Батые Еуропа бар болғаны Жерорта теңізі әлемінің елеусіз- 
деу бір пұшпағы - ештеңе болмаған таса түсы еді. Тіпті Рим мемлекеті 
(ерте жаңа заманға дейінгі бірден-бір еуропалық империя) ресурстар- 
ды, негізінен, Солтүстік Африка, Балқан мен Таяу Шығыс түкпірлерін 
қосып алды. Римнің Батыс провинциялары тақыр кедейдің күйін кеш- 
кен жабайы Батыс еді, ол жақтан кен мен қүлдардан басқа ештеңе 
тасыған жоқ. Ал Солтүстік Еуропаның жабайы халқы аз болғандықтан, 
оны бағындыруды қажетсіз деп есептеді.
35. Труганини (Truganini). Тасманияның соңғы жергілікті тұрғыны.
Тек XV ғасырдың соңына таман Еуропа экономикалық және мәде- 
ни, әскери және саяси идеялардың үстаханасына айналды. 1500-1750 
жылдары Батыс Еуропа күш жиып, «сыртқы дүниені», яғни қос Аме­
рика құрлығы мен мұхиттарды жаулап алды. Бірақ бәрібір Азия дер- 
жаваларына теңесе алмады. Еуропалықтардың Американы бағынды- 
рып, теңізде үстемдік қүруға қол жеткізе білуінің басты себебі: азиялық 
державалар теңіздер мен алыс жағалауларға қызығушылық таныта 
қоймаған еді. Жаңа заманның бас кезі Жерорта теңізі жағалауындағы 
Осман империясы, парсының Сефевидтер империясы, Үндістандағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет