&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ділер мен қытайлардан елеулі технологиялық басымдығы болмаса



Pdf көрінісі
бет295/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ділер мен қытайлардан елеулі технологиялық басымдығы болмаса,
онда олар жүз жыл ішінде суырылып алға қалай шықты?
Әскери-өнеркәсіптік ғылыми кешен неге Үндістанда емес, Еуропа-
да дамыды? Британия қарғып алға шығып, көп ұзамай оның соңына
Франция, Германия мен Құрама Штаттар ілескен кезде, Қытай неге
артта қалып қойды? Индустриялы және индустрияға жетпеген елдер
арасындағы алшақтық неліктен жаһандық саяси және экономикалық
факторға айналды? Неліктен Ресей, Италия мен Австрия осы алшақ-
тық жігін жымдастыра білді де, неге бүл Парсы, Мысыр мен Осман
империясының қолдарынан келмеді? Өйткені алғашқы индустриялық
толқынның технологиясы салыстырмалы түрде өте қарапайым болды
ғой. Қытайлар мен Осман империясының азаматтарына бу машина-
ларын қүрастырып, пулеметтер өндірісін жолға қою, рельстер төсеу
сонша қиын болғаны ма?
Әлемдегі алғашқы теміржол 1830 жылы Англияда ашылды. 1850
жылға таман жалпы ұзындығы 40 мың шақырым теміржол Батыс елде-
рін айқұш-үйқыш кесіп жатты. Ал бүкіл Азиядағы, Африка мен Латын
Америкасындағы шойын жолдың үзындығы бұл кезде 4000 шақырым-
нан аспады. 1880 жылы Батыс елдері 350 мың шақырым теміржолға
иелік етті, ал әлемнің қалған бөлігіндегі жол бұдан он еседей аз - 35
мың шақырым болды (онда да мұның дені британдықтардың Үндістан-
ға төсеген жолы еді)5. Қытайда алғашқы теміржол 1876 жылы пайда
болды. Үзындығы 25 шақырым жолды еуропалықтар салды, бірақ ке-
лесі жылы Қытай үкіметі рельстерді алып тастауға өкім етті. 1880 жыл
қарсаңында Қытай империясында бірде-бір теміржол жұмыс істеген
жоқ! Қалайша жарты ғасыр бойы қытайлар теміржолдың пайдасын тү-
сінбеді, өздері неге оны төсеуді үйреніп, пайдаланбады? Парсы им-
периясы да алғашқы теміржолды 1888 жылы төседі, ол Тегеранды оң-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет