үлестерін қосты. Мұсылман экономистерінің тапқыр шешімдері Адам
Смит пен Карл Маркстің еңбектерінде ескеріліп, Америка үндістерінің
шипалы амалдары ағылшынның медициналық трактаттарына енді.
Полинезиялықтарға сауалнама жүргізу барысындағы деректер Батыс
антропологиясында төңкеріс жасады. Бірақ X X ғасырдың орта шені-
не дейін жаһандағы еуропалық империялардың билік басындағыла-
ры мен интеллектуалды элита мүшелері осы қисапсыз жаңалықтарды
жинақтады, жинақтай келе жаңа ғылыми пән жасақтады. Еуропа сияқ-
ты Қиыр Шығыс та, ислам әлемі де қаншама зерек әрі сұңғыла, алғыр
ойлыларды тудырды, бірақ 1500-1950 жылдар аралығында аталған
аймақтарда Ньютонның физикасы мен дарвиндік биологияға тең келе-
тін ештеңе көзге шалынбады.
Бұдан еуропалықтар генетикалық тұрғыдан ғылымға бейім немесе
олар әрқашан физиктер мен биологтардың алдыңғы сапында тұрды
деген қорытынды шығаруға болмайды. Арабтардың діні ретінде ислам
бастау алғанымен, оны көкке көтерген түріктер мен парсылар. Ж аңа
заман ғылымының да негіздерін еуропалықтар салғанымен, ол бүгінде
көпұлтты кәсіпорын іспетті.
Ж аңа замандағы ғылым мен еуропалық экспансияның мызғымас
одағы қалай қалыптасты? Технологиялар Х ІХ -Х Х ғасырларда жетекші
рөл ойнады, бірақ жаңа заманның бас кезінде ол соншалықты маңыз-
ды емес еді. Басқа нәрсе маңызды болды: жаңа өсімдік түрлерін із-
деп жүрген ботаник пен жаңа жерлерді іздеуші теңіз офицері бір-бірін
жақсы түсінді. Екеуі көп нәрсені білмейтінін мойындап, «Мен анау көк-
жиектің арғы жағында не бар екенін білмеймін», - деді де, сол жаққа
қарай аттанды: жаңалық ашты. Екі - теңізші мен ботаник - жаңа білім-
дердің арқасында әлемнің қожасы болудан үміттенді.
Әуел бастан еуропалық зерттеу экспедициялары - жаулап алу жо-
Достарыңызбен бөлісу: |