рықтары, ал жорықтар - ғылыми экспедициялар еді. Еуропалық им
периализм бүрынғы экспансиялардың барлығынан осынысымен ерек-
шеленді. Бұрын империяларды қүрушылар жаңа білімсіз-ақ ғаламның
құрылысын жетік білетініне күмән келтірмеді. Жер аумағы ұлғайған са-
йын өз дүниетанымын ғана таратып бақты. Бір ғана мысал келтірейік:
мәселен, арабтар Мысырды, Испания мен Үндістанды жаулай отырып,
бағынышты халықтарда өздеріне белгісіз білімдер бар-жоғына мән
бермеді. Римдіктер, моңғолдар мен ацтектер бейтаныс жерлерді құ-
ныға жаулап, билік пен байлыққа ие болды, бірақ олардың білімдеріне
қызықпады. Еуропаның империалистері, керісінше, тек қана жаңа жер
аумағын емес, сондай-ақ соны білім алуға үміттеніп, алыс жағалау-
ларға ұмтылды.
Джеймс Кук осындай қалыптағы зерттеушілердің алғашқысы емес
еді. X V -X V I ғасырлардағы испан және португал теңізшілері де тап
осылай ойлады. Теңізде жүзуші Генрих бекзада мен Васко да Гама
2 4 6
ГЫ Л Ы М И Р ЕВО ЛЮ Ц ИЯ
аралдар мен аймақтарды пелену үшін Африка жағалауларын зерттеу
жоспарын жасады. Христофор Колумб Американы ашып, сол бойда
жаңа жерлерге испан королінің билігін орнатты. Фернанд Магеллан
Жер шарын айнала жүзіп, жолшыбай Испания атынан Филиппин аума-
ғына ен тағып, қада шаншып кетті.
Уақыт өте келе білім жинау мен кең аумақты жерлерді империя жа-
лауының астына жинау бір-бірімен біте-қайнасып кетті. XVIII-Х ІХ ғасы р-
ларда Еуропадан шалғайдағы елдерге аттанған әрбір әскери кеме со-
ғысу үшін емес, ғылыми жаңалық ашу үшін де ғалымдарды салып алды.
Напалеон 1798 жылы Мысырға басып кіргенде өзімен бірге 165 ғалым-
ды ерте келген еді. Ол ғалымдардың көп еңбегінің бірі - мысыртану пә-
Достарыңызбен бөлісу: |