&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


карталар тегеурінді психологиялық және идеологиялық талпынысқа



Pdf көрінісі
бет302/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

карталар тегеурінді психологиялық және идеологиялық талпынысқа
түрткі салды. ¥лан-ғайыр аумақтың әлі барланбағаны ашық мойындал-
ды.
1492 жылы Христофор Колумб Үндістанға баратын жаңа жол іздеу
мақсатымен Испаниядан Батысқа қарай жүзіп шыққан кезде тағы бір ма-
ңызды талпыныс жасалды. «Толықтырылған» элем картасына сүйенген
Колумбтың есебі бойынша, Жапония Испанияның батыс беткейіне ка­
рай шамамен 7000 шақырым қашықтықта жатуға тиіс еді. Бірақ ол оңбай
қателесті. Шын мәнінде, Испания мен Үндістанның арасындағы 20 мың
шақырымнан асатын бұл бағытта сол кезде беймағлұм болған бір алып
құрлық жатты. 1492 жылғы 12 қазан күні түскі сағат екінің шамасында
Колумб экспедициясы сол беймәлім құрлыққа барып тірелді. «Пинта»
кемесінің теңізшісі Хуан Родригес Бермехо осы күні Багам архипелагы-
на жатқызып жүрген аралды көріп, «Жер! Жер!» деп айғайлап жіберді.
Әлем табан астында мәңгілікке өзгеріп сала берді.
Колумб Азия жағалауларындағы әлдебір шағын аралға жеттік деп
ойлады. Ол Үндістан, дәлірегі Индонезия архипелагындағы Ост-Индия
248


ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
жағалауына түстік деген сеніммен жергілікті тұрғындарды «үндістер»
деп атады. Осы шатасудан Колумб өмірінің ақырына дейін шыға ал-
мады. Беймәлім құрлықты ашқаны туралы ой оның да, көптеген за-
мандастарының да басына кіріп те шықпады. Мыңжылдықтар бойы тек
ұлы ойшылдар мен ғалымдар емес, сондай-ақ мінсіз «Қасиетті кітап-
тар» да Еуропаны, Африка мен Азияны ғана білді. Сонда мәртебелі
ағзамдардың бәрі қателескені ме? Библия қалайша мүны қалт жіберіп,
қағыс қалдырды екен? ¥ғынықты болу үшін айтайық: 1969 жылы Айға
ұшып бара жатқан «Аполлон-11» экипажы Жерді шыр айналып жүретін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет