250
Ғ Ы Л Ы М И РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ
зерттеп, жаулап алуға мұршалары болған жоқ. Тіпті ұлы империялар
өз билігін тек іргелес жатқан көршілеріне жайды, ақырында бұл мемле-
кеттер алып империяларға айналды, бірақ олар тек көрші территория-
лардың есебінен ғана үлкейді.
37. Джованни Сальвиатидің әлем картасы, 1525 жыл. 1459 жылғы карта құрлықтармен,
аралдармен және егжей-тегжейлі түсіндірмелермен жыпырлап тұрса, Сальвиатидің
картасы түтастай бос деуге болады. Көрерменнің көзі Америка құрлығы жағалауының
бойымен төмен қарай жылжып барып, бос кеңістікке тіреледі. Еріксіз «анау мүйістің арғы
жағында не бар?» деп сұрағың келеді. Бірақ карта жауап қатпайды. Ол кеменің желкенін
көтеріп алып, әлгі жұмбақтың шешімін іздеп кетуге жетелеп тұрған секілді.
Осылайша, Римді қорғау үшін, б.з.д. 350-300 жылдары римдіктер
Этрурияны жаулап алды. Кейінірек, Этрурияны қорғаймыз деген же-
леумен, б.з.д. 200 жылдары Падан жазығына басқыншылық жорықтар
ұйымдастырды. Падан жазығын қорғауымыз керек дел б.з.д. 120 жылы
Провансқа шабуылдады. Әрине, Провансты қорғау керек болды деп
б.з.д. 50 жылы Галлияға көз тігеді. Ал Галлия ағылшындардың қол ас-
тында еді. Этруриядан Лондонға дейінгі жолға 400 жыл уақыт кетті.
Б.з.д. 350 жылы римдіктердің ешқайсысы Англияға дейін тікелей жүзіп
барып, басып алуды ойлаған да жоқ еді.
Кейде атаққұмар билеушілер немесе әлдебір шытырман оқиға із-
деуші жиһанкездер алыс елдерге әскери экспедиция шығарды. Әйт-
се де, бұл науқанның өзі, көбінесе таптаурын сауда жолдардың сора-
бымен және бұрыннан бар империялардың жерімен жүрді. Мысалы,
Александр Македонскийдіңжорығы жаңа империя құрумен емес, бұрын-
нан келе жатқан империяны - Парсыны басып алумен аяқталды. Жаңа
замандағы Еуропа империяларына ежелгі теңіз империялары Афина
мен Карфагенді жене XIV ғасырда Индонезия аралдарында үстемдік
құрған ортағасырлық Маджапахитті үлгі қылды. Бірақ бұл империялар
да беймәлім теңіз төсіне кемелерін жіберуге тәуекел ете алмады. Қа-
зіргі еуропалықтардың жаһандық кәсіпорындарымен салыстырғанда,
олардың теңіздегі ерліктері шағын ғана бастамалар еді.
|