&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет308/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Т ӨРТІН Ш І БӨЛІМ
дерден қырылды. 20 жыл ішінде Кариб аралдарының байырғы тұрғын- 
дары толықтай жойылып, олардың орнына испан отаршылары Афри- 
кадан құлдар таси бастады.
Осы геноцид Ацтек империясының тұмсығының астында өтіп жат- 
ты, бірақ ацтектер елдің шығыс жағалауына Кортес келіп түскенше ақ 
адамдардың пиғыл-қулқын білген жоқ. Олар үшін испандықтардың пай- 
да болуы ғарыштан келімсектер ұшып келуімен парапар еді. Олар өз 
жерлерінен тысқары тарапта басқа адамдар тіршілік етеді деп ойлаған 
да жоқ. Кортес жалмаңдаған жендеттерімен қазіргі Веракус жағына сау 
ете қалғанда, ацтектер тұңғыш рет адамдардың бейтаныс түрін көріп, 
таңғалды.
Ацтектер не істерін білмеді. Олар бұлардың келімсектер екенін тү- 
сінді. Ацтектерге көзтаныс адамдардан олардың айырмашылығы: тері- 
сі ақ, бетін түк басқан. Кейбіреуінің шашы күн түстес болды. Үстерінен 
күлімсі иіс шығып тұрды (гигиена сақтау жағынан ацтектер испандық- 
тардан әлдеқайда артық болған. Конкистадорлар қалаға кірген кезде, 
жергілікті тұрғындар оларға үздіксіз хош иіс жағатын нөкерлер тағайын- 
даған. Испандықтар мұны діни құрметке балады, бір жергілікті халық 
жазбаларынан ақ адамдардың тұла бойы түншықтырардай сасып тұра- 
тынын оқыдық).
Келімсектердің материалдық мәдениеті үндістерге бұдан да таң- 
сық көрінді. Олар ацтектердің өңі тұрмақ, түсіне де кірмеген алып ке- 
мелермен келді. Түрқы биік, түрі сұсты жануарға мініп алып, желдей 
есіп, жүйітки жөнеледі. Испандар күн күркіретіп, найзағай ойнататын 
темір таяқ ұстаған қолдарына жүзі жарқыраған үзын қылыш үстаған, оқ 
өтпейтін құрыш сауыт құрсанған. Ал ацтектердің қылышы мен найзасы 
оларға қайран қыла алмады.
Кейбір ацтектер испандықтарды - қүдайларға, басқалары - жын- 
шайтанға, өлгендердің аруағына, әлде қүдіретті сиқыршыларға бала­
ды. Олар испандарға қарсы бүкіл әскерін жұмылдыруы керек еді, бірақ 
ацтектер қобалжып, тосын жайдың байыбын түсінуге тырысты, келіс- 
сөздер жүргізді. Ақтектер асығып-аптықпады, өйткені Кортеспен бірге 
небәрі 550 испан келген еді. 500 адам бірнеше миллион тұрғыны бар 
империяға қандай зиян келтіруі мүмкін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет