ТӨРТІНШ І БӨЛІМ Ғалымдар Мин әулеті дәуіріндегі қытай адмиралы Чжэн Хэнің экс-
педициясы еуропалықтардың жаңалығынан асып түсіп, көлеңкесінде
қалдырғанын алға тартады. 1465 жылдан 1433 жылға дейін адмирал
Қытайдан Үнді мұхитының шалғайдағы жағалауларына жеті алып ар
мада жіберді. Осы флоттардың ірі бөліктерінде кем дегенде 300 кеме
және 30 мыңтеңізші бар еді7. Олар Индонезияға, Цейлонға, Үндістанға
барып, Парсы шығанағына, Қызыл теңіз бен Шығыс Африкаға дейін
жетті. Қытай кемелері Жиддаға және Кения жағалауындағы Малинди-
ге зәкір тастады. 1492 жылғы Колумб флотын, экипажында 120 адам
бар үш кішкентай кемені әлгі армаданың қатарына қойса, үйірлі айда-
һарлардың қасындағы үш түйір маса сияқты көрінер еді8.
Бірақ түбірлі айырмашылық мынада: Чжэн Хэ мүхиттарды зерттеп,
қытайға тілеулес елдердің билеушілеріне қолдау көрсетті, бірақ өздері
ашқан елдерді жаулап алуға немесе отарлауға тырысқан емес. Оның
үстіне, бұл экспедициялар Қытай саясаты мен мәдениетіне етене бай-
ланысты болған жоқ. 1430 жылы Бейжіңдегі сарай иелері ауысқан кез-
де жаңа билеушілер теңіз барлауын күрт тоқтатты. Даңғайыр флотты
таратып, аса бағалы техникалық және географиялық мәліметтерді жо-
йып жіберді, бұдан былай мұндай ауқымдағы экспедиция Қытай айлақ-
тарынан аттанған емес. Келесі ғасырлардағы Қытай билеушілері өз-
дерінің алдындағыларға еліктеп, өз мүдделері мен менмендігін Аслан
асты империясының төңірегінен ұзамайтын тірлікпен шектеп тастады.
Чжен Хэнің саяхаты сол кезде Еуропаның технология жағынан көп
ілгері кетпегенін дәлелдейді. Олар басқа қасиетімен: жаңа жерлерді
ашып, бағындыруға қүмарлығымен ерекшеленді. Жаңа заманға дейін
империялар техникалық мүмкіндігі болмағандықтан емес, мүддесі жоқ-
тықтан алыс елдерді барлап, жаулап алу үшін экспедициялар жасақта-
мады. Римдіктер - Үндістан мен Скандинавияны, Парсы - Испанияны
немесе Мадагаскарды жаулап алуға тырыспады. Қытай да Индонезия
мен Африкаға тиіскен жоқ. Қытай билеушілерінің көпшілігі іргесіндегі
Жапонияны жайына қалдырды. Бүл түсінікті еді: римдіктерге Үндістан-
ның немесе қытайларға Жапонияның керегі не? Бірақ жаңа заманның
бас кезінде бейне бір безгек буғандай еуропалықтар мүлдем басқа мә-
дениет адамдары мекен ететін бейтаныс елдерге жаппай жөңкіле жө-
нелді. Оларға қайткен күнде де бөгде жағалауға табан тигізіп, «мына
жер менің королімнің меншігі екенін жариялаймын!» дел жар салу қажет
болды.