&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Ғ Ы Л Ы М И РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ



Pdf көрінісі
бет310/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

256


Ғ Ы Л Ы М И РЕ ВО ЛЮ Ц ИЯ
Кортес авантюрасынан кейін он жыл еткенде Инктер империясы- 
ның жағалауында Писарро тебе көрсетті. Кортестің армиясына қара- 
ғанда оның отряды аз, бар-жоғы 168 солдат болды. Бірақ Писарро бү- 
рынғы жорықтардан жинақталған білім мен тәжірибені пайдаланды, 
ал инктер де тағы ацтектер тағдыры туралы ештеңе білмеді. Писарро 
Кортеске еліктеген тәрізді. Өзін испан королінің елшісі ретінде таныс- 
тырып, инктер билеушісі Атауальпаның қабылдауына кірді де, оны 
тұтқынға алды. Содан соң құты қашып, берекесі кеткен империяны 
жергілікті тайпалардың көмегімен тез бағындырды. Инктер империя- 
сының тайпалары Мексика тұрғындарының басына түскен ауыртпа- 
лықтарды білсе, испандықтарға жалбақтамас еді. Бірақ олар ештеңе 
білген жоқ.
Американың байырғы халықтары көзқарастарының тарлығына 
бола теперіш көріп, зардап шеккендердің басы да, соңы да емес. Азия- 
ның адуынды мемлекеттері - Осман, Сефевидтер, Моғол, Қытай им- 
периялары көп ұзамай еуропалықтардың жаңа жерлерді ашқандары 
туралы естіді. Ести тұра, ешқандай қызығушылық танытпады. Олар- 
дың көзқарасы турғысынан, Азия он сегіз мыңғаламның орталығы бо- 
лып қала береді. Сондықтан олардың Америкаға билік жүргізуіне не- 
месе Атлант және Тынық мухиттары арқылы өтетін теңіз жолдары үшін 
еуропалықтармен күресуіне еш зәрулік жоқ дел ойлады. Шотландия 
мен Дания сияқты ең кішкентай еуропалық корольдіктер Америкаға ең 
болмағанда екі экспедиция жасақтады. Ислам әлемінен, Үндістаннан 
немесе Қытайдан бірде-бір барлау не жаулау флоты сайланып шыққан 
емес. Америкаға әскери экспедиция жасақтауға тырысқан алғашқы 
еуропалық емес держава Жапония болып шықты. Бүл 1942 жылы еді, 
экспедиция ондаған Америка солдаттары мен иттерді өлтіріп, Аляска 
жағалауындағы екі шағын аралды - Киска мен Аттуды басып алды. 
Бірақ жапондарға қүрлыққа жақын барудың сәті түспеді.
Ал енді Осман империясы мен Қытай үшін Америкаға дейінгі ара- 
лык тым қашық болды немесе олардың техникалық, экономикалық 
және әскери ресурстары жетіспеді деуге ешқандай негіз жоқ. 1420 жыл- 
дары Чжэн Хэнің Қытайдан Шығыс Африкаға дейін жүзіп баруына жет- 
кен ресурстар Америкаға сапар шегуіне де молынан жетер еді. Қытай- 
лар бүған еш қызықпады. Америка Қытай картасында тек 1602 жылы 
лайда болды, онда да картаны еуропалық миссионер сызған еді.
Еуропалықтар 300 жыл Америкада, Мүхит аралдарында, Атлант 
және Тынық мүхиттарында бүтіндей үстемдік қүрды. Алаң түтарлық 
араздықтар тек еуропалықтардың өз араларында өршіді. Жаңа жер- 
лерден өндірген байлықтар, ақырында, еуропалықтардың Азиядағы 
адуынды империяларға көлеңкесін түсіріп, көлегейлеп тастауына мүм- 
кіндік берді. Түріктер, парсылар, үнділер мен қытайлар алға үмтылып 
қол сермеген кезде бәрі кеш болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет