ТӨРТІН Ш І БӨЛІМ
XX ғасырда ғана еуропалық емес мәдениеттер нағыз жаһандық
танымға ие болды. Осының өзі еуропалық үстемдікті
біртіндеп жою-
ға алып келген шешуші факторлардың бірі еді. Алжирдің тәуелсіздігі
үшін соғыста (1954-1962) көтерілісшілер сан жағынан, технологиялық
және экономикалық жағынан басым түсіп,
француз армиясын еңсеріп
шықты. Алжирліктер бүкіләлемдік отаршылдыққа қарсы қозғалыстың
көмегін өздеріне бұра білгендіктен жеңіске жетті, өйткені халықаралық
БАҚ-ты, қала берді, сол Францияның ішіндегі қоғамдық пікірлерді өз
мүдделеріне қалай пайдалану керегін түсінді.
Тал сол стратегия кіш-
кентай Вьетнамның Америкадай алыпты тойтаруына жәрдемдесті.
Осындай партизандық соғыстар, жергілікті күресті жалпыәлемдік мән-
дегі мәселеге айналдырса, алпауыт державаларды да жеңуге болаты-
нын дәлелдеп берді. Айтқандай, олар да Монтесуманың Испаниядағы
қоғамдық пікірді өз пайдасына жаратудың амал-айласын тауып, Ис-
панияның қарсыластары арасынан әлдебіреуін: Португалияны,
Фран-
цияны немесе Осман империясын өзіне көмектесуге тарта алса, істің
ақыры не болар еді?
Сирек кездесетін өрмекшілер мен
ұмыт қалған жазбалар
Жаңа заманның ғылымын да, империясын да анау көкжиектің арғы
жағында әлдебір маңызды нәрсе күтіп тұрғандай сезім қоздата бер-
ді - тек қүр қалмаса болғаны. Бірақ ғылым
мен империя арасындағы
ұқсастық мүнымен шектелмеді. Империя құрушылардың уәждемесі
ғана емес, сондай-ақ стратегиясы да ғалымдардың мүдделерімен ты-
ғыз өріліп жатты. Жаңа замандағы еуропалықтар үшін империя құру ісі
ғылыми жобамен, ал жаңа ғылыми пәндер жасау империялық жоба-
мен өзектесіп жатқан еді.
Мұсылмандар Үндістанды жаулап алған кезде жергілікті тарихты
зерттеу үшін - археологтарды, үнді мәдениетін үғыну үшін -
антропо-
логтарды, үнді топырағын тексеруге - геологтарды немесе үнді фау-
насын зерттеуге зоологтарды өздерімен бірге ала келмеді. Ағылшын-
дар Үндістанды жаулап алған кезде бәрін қамдастырды. 1802 жылғы
10 сәуірде Үндістанда жаппай зерттеу ісі басталды. Зерттеу алпыс
жылға созылды. Он мыңдаған жергілікті жұмысшылардың,
ғалымдар
мен жолбастаушылардың көмегімен ағылшындар Үндістанның тиянақ-
ты картасын сызып, шекараларды белгілеп, арақашықтығын анықта-
ды, Эверестің және басқа да Гималай
шыңдарының биіктігін тұңғыш
рет дәл өлшеп шықты. Ағылшындар үнді аймақтарының қандай әскери
ресурстар иеленетінін жене алтын кеніштерінің қайда орналасқанын
анықтап қана қоймай, өрмекшілердің сирек кездесетін түрлері туралы
ақпарат жинап, қызыл көбелектерді сипаттаумен, субконтиненттің жо-
Достарыңызбен бөлісу: