&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


даруына - жергілікті мәдениеттің күйреуіне, байырғы тұрғындардың



Pdf көрінісі
бет291/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

даруына - жергілікті мәдениеттің күйреуіне, байырғы тұрғындардың
да едәуір бөлігінің қырылуына себепші болды2.
Кук экспедициясынан кейінгі ғасырларда, еуропалықтар Австра­
лия мен Ж аңа Зеландияның ең құнарлы жерлерін байырғы тұрғындар-
дан тартып алып қоныстанды. Жергілікті халық саны он есе кеміп, тірі
қалғандары нәсілдік езгіге аяусыз түсті. Австралияның аборигендері
мен Ж аңа Зеландияның маорилері үшін Кук экспедициясы апаттың
басы болды, әлі күнге дейін олар сол зүлматтан айыға алмай келеді.
Тасманияның жергілікті тұрғындары бұдан да ауыр тағдырга тап
келді. 10 мың жыл бойы олар толық оқшауланған, оңаша жағдайда өмір
сүрді, ал Куктің «ашқан жаңалығынан» соң жүз жыл өткенде, соңғы ада-
мына дейін құрып кетті. Еуропалық отарлаушылар әуелі оларды ауыл
шаруашылығына жарамды жерлерден ығыстырып шығарды, ал содан
соң аралдың жабайы әрі қунарсыз жерлерін де қиғысы келмей, тірі қал-
ғандарын аңша аулап, қынаша қыра берді. Тұтқындардың біршама бө-
лігін інжілдік концлагерьлерге қуып тығып, дұғагөй, бірақ тым әккі мис-
сионерлер оларды жаңа заманның таңдаған жолына түсіруге тырысып
бақты. Тасманиялықтарды оқып-жазуға, христиандықтың негіздері мен
«пайдалы көсіпке» - киім-кешек тігіп, жер өңдеуге үйретті. Алайда әл-
гілер оқуға құлықсыз болды. Олар өне бойы еңселерін көтере алмай,
бала тууды тоқтатты, өмір сүруге ынталарын жоғалтты, ақырында, ғы-
лым мен прогресс әлемінен шығудың бір-ақжолы - ажалды таңдады.
Өкінішке қарай, ғылым мен прогресс оларға өлгеннен кейін де ты-
ным бермеді. Соңғы тасманиялықтардың мүрделерін антропологтар
мен музей кураторлары иеленді. Мәйіттерді дәрілеп, өлшеді, безбенге
тартып, ғылыми мақалаларда сипаттап жазды. Бас сүйектері мен қаң-
қаларын музейлерге қойды. 1976 жылы ғана Тасмания музейі соңғы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет