тан бір мезетте қадағаласа, онда қарапайым тригонометриялық теңдеу Жерден Күнге дейінгі қашықтықты дәл есептеуге мүмкіндік береді. Астрономдар Шолпан 1761 және 1769 жылдары Күн мен Жердің арасынан кезекті рет өтеді дел болжады. Сол жылдары бір-бірінен мейлінше шалғай жатқан нүктелерден бақылау жасау үшін Еуропадан әлемнің төрт қиырына экспедициялар жіберді. 1761 жылы ғаламшарды Сібірден, Солтүстік Америкадан, Мадагаскар мен Африканың оңтүсті- гінен бақылады. 1769 жылы Еуропалық ғылыми қауымдастық аса мұ- қият дайындалып, өз мүшелерін тіпті сол кезде әлі жабайы қалпында жатқан Канада мен Калифорнияға да жіберді. Лондонның жаратылыс- тану ғылымдарын ынталандыру жөніндегі корольдік қоғамы мұны жет- кіліксіз деп тауып, нәтижесі неғұрлым дәл болуы үшін Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіне де экспедиция жарақтауды ұйғарды. Корольдік қоғам Таити аралдарына белгілі астроном Чарльз Гринді аттандырғысы келіп, дайындық қамынан күш-жігер де, қаржы да аяған жоқ. Соншалықты қымбат іс-шараны ойға алған екен, тек астрономия- лық қадағалаумен шектеліп қалудыңжөні бар ма, сірә. Гриннің қарауы- на әртүрлі мамандық иелерін, ботаник Джозеф Бэнкс басқаратын сегіз ғалымнан команда жиып берді. Команда құрамына, сондай-ақ жаңа жерлердің ландшафтын, өсімдіктері мен жануарларын және байыр- ғы тұрғындарын кескіндейтін суретшіні де қосты. Корольдік қоғам сол замандағы ең үздік құрылғылар мен аспаптар сатып алып берді, ал экспедицияны тәжірибелі теңізші, өзі де белгілі географ әрі этнограф Джеймс Кук басқарды. Экспедиция Англиядан 1768 жылы аттанып, 1769 жылы Шолпан ды Таитидан қадағалап, Тынық мұхиттың бірнеше аралының флорасы мен фаунасын түбірлей зерттеді де, 1771 жылы Австралия мен Жаңа