көбінесе ғалымдардың ырқында бола бермейді. Саяси, экономикалық және діни мүдделерге тәуелсіз түрде, ғылым- ды каржыландырғымыз келсе, мұның сәті түсуі неғайбілдеу. Себебі ре- сурстарымыз шектеулі. Конгрестен іргелі ғылыми зерттеулердің ұлттық қорына миллион доллар қосуды өтініп көрсінші, ол ақылға қонымды етіп жауап қайтарады: «Одан да ақшаны мұғалімдердің біліктілігін жетілді- руге немесе өз округіндегі тұралай бастаған зауытқа салық жеңілдігін беруге жумсаған жөн ғой», - дейді. Шектеулі ресурстарға иелік еткен кезде не маңызды тіптен «не жақсы?» деген сауалдың жұмбағын ше- шуімізге тура келеді. Бүл мәселелер ғылымның құзыретіне жатпайды. Ғылым әлемде бар қүбылыстарды, ненің қалай жұмыс істейтінін, не бо- луы мүмкін екенін түсіндіреді. Ғылым болашақта қалай жене не бола- тынын жорамалдамайды, мұнымен дін жене идеология айналысады. Мынадай жағдайды қарастырайық: кәсіби машықтары шамалас, бір бөлімде жұмыс істейтін екі биолог зерттеушілік жобаларды атқару- ға арналған грантқа тапсырыс береді. Әрқайсысы миллион доллардан сұрайды. Профессор Слагхорн сиырлардың желінін зақымдап, сауым мөлшерін 10%-ға төмендететін ауруды зерттеуге бел буған. Профес сор Спроут бұзауларын оқшаулаған кезде сиырлар қинала ма, соны зерттегісі келеді. Ақша бәріне бірдей жетпейтінін және жобаның екеуін де қолдаудың реті келмейтінін ескере отырып, олардың қайсысын таң- даған жөн? Ғылым бұған жауап бере алмайды, ол тек саясаттың, экономиканың немесе діннің қолынан келеді. Қазіргі әлемде ақшаны алуға Слагхорн айқын басымдығы бар мүмкіндіктерді иеленіп түр: ғылыми көзқарас тур- 2 3 7