&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ғысынан сиырдың психологиясынан гөрі желіні маңызды көрінетіндік-



Pdf көрінісі
бет286/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ғысынан сиырдың психологиясынан гөрі желіні маңызды көрінетіндік-
тен емес, тек жануарлар құқығы үшін күресушілерге қарағанда, осынау
зерттеуге мүдделі сүт тағамдары өнеркәсібінің аса ірі саяси және эконо-
микалық рөсурстары бар болғандықтан ғана ақша бөлінеді.
Бәлкім, сиыр қасиетті жануар саналатын үнді елінде немесе «жа-
сылдар» жайлаған қоғамда профессор Спроут бәсекеде бой бермей,
басым түсетін шығар. Ал әзірше сиырдың қиналғанына қарағанда сүт
тағамдарынан түсетін пайда мен осы өнімдерді тұтынатын екіаяқты
азаматтардың денсаулығын жоғары қояды ғой. Ендеше, профессор
Спроут грантқа осы талаптарды ескере отырып тапсырыс беруі керек.
Мәселен, оның мынадай кіріспе сөз жазғаны жөн: «Қиналу сүтті азай-
тады. Сауын сиырлардың психологиясын білсек, олардың жағдайын
жақсартатын медициналық құрал жасай аламыз, бұл сауымды 10%-ға
жене одан да көп мөлшерге молайтуға ықпал етеді. Менің есебім бо-
йынша, әлемдік нарық сиырларды емдеу үшін жылына 250 миллион
долларға психотропты дәрі сатып алады».
Ғылым өзіне-өзі басым бағыттарды белгілей алмайды. Өз жаңа-
лықтарына қалай иелік етуді де білмейді. Мысалы, генетика туралы
білетініміз күннен-күнге тереңдесе де, ол білім бізге не беретіні анық
емес. Оларды ракты емдеу, гендік түрлендіру арқылы суперадамдар
нәсілін немесе супержеліні салақтаған сүтті сиырлар шығару үшін
пайдалану керек пе? Либералдық үкімет, коммунистік үкімет, нацистік
үкімет және капиталистік корпорация сол баяғы бір ғылыми жаңалық-
ты мүлде әрқилы мақсатқа пайдаланады әрі бір амалды екіншісінен
артық санаудың ғылыми себептері жоқ.
Қысқарта айтқанда, ғылыми зерттеулер тек дінмен, әлде идеоло-
гиямен одақтаса дами алады. Идеология зерттеуге жұмсалған шығын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет