&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


кеттер бүкіл әлем бойынша географиялық, зоологиялық және ботани-



Pdf көрінісі
бет284/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

кеттер бүкіл әлем бойынша географиялық, зоологиялық және ботани-
калық зерттеулер жүргізу ісіне ақы төлемесе, Дарвин де, Уоллес те
эволюция теориясына арқау болған эмпирикалық деректерді жинай
алмас еді, тіпті олар мұндай іске талпынбайтын да шығар.
Мемлекеттің қазынасы мен бизнесмендердің қоржынынан шыққан
миллиардтар неге университеттер мен зертханаларға ағылды? Акаде-
236


ҒЫ ЛЫ М И РЕВОЛЮ ЦИЯ
миялық ортада таза ғылымға аңқаулықпен сенетін ауан әлі сақталып
келеді. Ғалымдар өздерінің тапқыр бастарында туындаған кез келген
жобаға үкімет пен корпорациялар ақша бере салады деп ойлайды. Бүл
түсінік ғылымды қаржыландыру шындығына сәйкес келе бермейді.
Әдетте әлдекімдер саясат, қаржы, әлде дін тұрғысынан пайдалы
жоба ретінде бағалаған ретте ғана ғылыми зерттеулер материалдық
қолдауға ие болады. Мысалы, XVI ғасырда монархтар мен банк қожа-
йындары алысқа аттанатын экспедициялардан ақша аяған жоқ, сайте
тұра, олар бала психологиясын зерттеуге бір тиын да бөлмеседі. Өйт-
кені корольдер мен банк иелері географиялықжаңалықтардан тікелей
пайда күтті - жаңа жерлерді жаулап алуға, сауда империясын құруға
үміттенді. Ал бала психологиясының оларға керегі не?
1940 жылдары америкалықтар мен орыстар суасты археологиясы-
на емес, ядролық физикаға ақша құйды. Олар ядролық физика жойқын
қару - ядролық бомба жасайды, ал су астындағы археологияның әске-
ри іске ешқандай қатысы жоқ деп есептеді. Ақша ағынын қандай саяси,
экономикалық жене діни мүдделер басқаратынын кейде ғалымдардың
өздері де түсінбейді. Ғылым өкілдерінің көпшілігі интеллектуалдық
әуестігіне бой алдырады, алайда зерттеулердің магистралды бағыты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет