&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Өлімге көзқарас жайында ежелгі заманнан бізге жеткен мифтердің



Pdf көрінісі
бет277/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Өлімге көзқарас жайында ежелгі заманнан бізге жеткен мифтердің
бірі - Шумердің Гильгамеш туралы аңызында айтылады. Бұл хикая-
ның кейіпкері - шайқаста кез келген дүшпанын жеңген жер бетіндегі
ең күшті, ең епті адам, Урук патшасы Гильгамеш. Бірде оның жан досы
Энкиду ауырып қайтыс болады. Гильгамештің үрейі ұшып, өзі де мүр-
деге айналмас үшін қолдан келгеннің бәрін істеуді ұйғарды. Ол ажал-
ды жеңетін амал табуға тиіс. Ақырында, жердің қиыр шетіне аттанып,
арыстандарды өлтіре, шаян-адамдармен айқаса жүріп, жерасты пат-
шалығына түсетін жол іздеді. Сонда ол өлі жандарды арғы жағалауға
таситын салқайықшы - Уршанабиге қызмет ететін тас тұлғалы дәулер-
ді қиратып, жаһандық тасқыннан жалғыз өзі аман қалған Утнапишта-
маны іздеді. Бәрібір Гильгамеш көздеген мақсатына жете алмады. Ол
еліне құрқол, ажалды қалпында қайтып оралды. Әйтсе де Гильгамеш
баға жетпес білім алды. Қүдайлар адамды жарата отырып, оған қашып
құтыла алмасжазмышты -ө л ім д і бұйыртатынын, адамды осы білікпен
өмір сүруге үйрету керегін үғынды.
232


ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
Прогресті жақтаушылар мұндай боркемік, жеңіліске бейім көңіл ауа-
нымен келісе алмайды. Ғалымдар үшін өлім қашып құтыла алмайтын
тағдыр тезі емес, техникалық мәселе ғана. Адам баласы құдайлар бу-
йырғандықтан емес, әртүрлі техникалық ақаудан: инфарктен, рактан,
жұқпалы кеселдерден өледі. Ал кез келген техникалық мәселенің шеші-
мі болуға тиіс. Жүрек нашар жұмыс істесе кардиостимулятор қою немесе
жаңасына ауыстыра салу керек. Организмде қатерлі ісік пайда болса,
оны химиялық дәрмекпен немесе сәуле қуатымен жойған жөн. Бактерия-
лар көбейіп кетсе, антибиотик жәрдемдеседі. Иә, рас, әзірше техникалық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет