кен Наполеонның әскери машинасы да жазаға тартылған XVI Людовик- тің армиясымен шамалас еді. Наполеонның өзі кәсіби артиллерияшы болғаны не керек, сүңгуір қайықтар, ұшқыш аппараттар мен ракеталар құрылысын қаржыландыруға өзін үздіксіз үгіттеп жатса да, жаңа қару- жараққа қызықпай-ақ қойды. Ғылым, өнеркәсіп пен әскери технология тек ка п и та л и с т жүйе- нің нығаюына орай, индустриялық революциядан соң ғана бірге бас қосты. Ал бұл байланыс орныққан бойда әлем де бет-бейнесін күрт өзгертіп сала берді. Прогресс мұраты Ғылыми революцияға дейін мәдениеттердің біразы прогресс куль- тш білген емес. Алтын ғасырды олар артқа апарып қойып, болашақтан жақсылық күтпеді: элем не тоқырауға түсті, не кері кетіп бара жатыр деп ойлады. Дәстүрлерге адалдық - мамыражай өткен шақты кері қай- тарудыңжалғыз мүмкіндігі. Ал адамның тапқырлығы күнделікті күйбең тірліктің әлдебір аспектісін жетілдіруге ғана жетіп қалар. Әлемнің іргелі мәселелерін шешуге адамның шамасы келмейді. Мухаммед, Иса мен Конфуцийлердің өзі ашаршылықты, ауру-сырқау мен соғысты аластай алмаса, мына бізден не үміт, не қайыр? Кейбір діни ағымдар «бір күні мәсіх келеді де, бүкіл соғыс, ашар- шылық атаулыға, тіпті ажалдың өзіне нүкте қояды» деп дәмеленді- реді. Алайда адамдардың өздері жаңа білім бастауларына қол жет- кізіп, жаңа еңбек қүралдарын жасай алады деген ой жай ғана күлкілі жайт емес, қара басына қатер төндіретін менмендік болып көрінер еді. Бабыл мұнарасының, Икар мен Големнің тарихы және басқа да миф- тер адамдарға өздеріне белгілеп берген шектен шығып кетуге тыры- сушылықтың көпшілігі міндетті түрде дағдарыс пен апатты жағдайға душар ететінін ишаралады. Ж аңа заман мәдениеті маңызды нәрселердің көбі белгісіз екенін