231
ТӨ Р ТІН Ш І БӨЛІМ
Күні кешеге дейін талай адам биологиялық кедейшілік шегінде,
ұзақ өмір сүру үшін жеткілікті калориялар ала алмайтындай шамада
тіршілік етті. Адамдарды сол шектің сыртына итеріп жіберіп, аштан қа-
тыру үшін сәл ғана сәтсіздік немесе есеп айырысудағы қателіктер же-
тіп жатыр. Табиғи апаттар мен адамдардың өздері ұйымдастырған ка-
таклизмдер бүтін халықты құрдымға құлатып, миллиондарды қынадай
қырып тастады. Бүгін Жер тұрғындарының басым бөлігінің «қауіпсіздік
белдігі» бар. Әрбір азаматты жеке бастың бақытсыздығынан сакман-
дыру жүйесі, мемлекеттік медициналық полистер мен зейнетақы қор-
лары, толып жатқан жергілікті және халықаралық коммерциялық емес
үйымдар қорғайды. Бақытсыздық тұтас бір аймақтың басына төнсе
әдетте оған бүкіл әлем көмекке келіп, апаттың зілмауыр зардаптарын
жоюға жаппай атсалысады. Әлемде кедейшілік кеселі тартқызған тақ-
сырет те, қорлық та әлі жетерлік, әйтсе де аштықтан өлу қатері енді еш
жерге төніп тұрған жоқ. Одан гөрі көп адамның семіздіктен өлу қаупі
жоғары.
«Гильгамеш» жобасы
Адамзаттың шешілмейтіндей көрінген барлық мәселелерінің бі-
реуі: өлім мәселесі әлі азапты да толғанысты әрі өзекті күйінде қала
бермек. Таяу кезге дейін діндер мен дүниетанымдардың біразы ажал-
ды адамның тағдыр-талайы, қашып құтыла алмайтын таланы ретін-
де қабылдады. Исламды, христиандықты немесе ежелгі мысырлық-
тар нанымын өлім-жітімі жоқ дүниеде елестетіп көріңізші. Бұл ілімдер
адамдардың өліммен күреспей, мәңгі өмір сүруге тырыспай, ажалға
бойсұнып, о дүниеден үміт етуіне көмектесті. Небір ақылмандар өлім-
нен қашуға емес, оған мән-мағына дарытуға тырысумен шұғылданды.
Достарыңызбен бөлісу: |