А ГР А Р Л Ы Қ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
неше мыңжылдық қана өткенде ол бүкіл әлемді басып алды. Негізгі
критерийлер - тіршілік ету мен өнім беру түрғысынан қарасақ, бидай -
Жер тарихындағы ең табысты өсімдіктердің бірі. Солтүстік Америка-
ның ¥лы жазығы сияқты өңірлерде 10 мың жыл бүрын бірде-бір масақ
өскен емес, ал бүгін бірнеше жүздеген
шаршы шақырымға созылған
алқапта бидайдан басқа дақыл кездеспейді. Бидай егістігі жер жү-
зінің шамамен 2,25 миллион шаршы шақырымын жауып жатыр: бұл
Үлыбританияның жер аумағынан он есе үлкен. Елеусіздеу өсімдік қа-
лайша соншалықты шапшаң, тегіс таралып кетті?
Бидай sapiens сорлыны алдап, діттегеніне жетті. Жартылай май-
мыл бақытты өмір сүріп, аң аулап, өсімдікті азық етіп жүр еді. Шамамен
10 мың жыл бұрын sapiens бидайды мәденилендірумен шүғылдана
бастады. Екі мыңжылдық өтер-өтпесте Жер шарының барлық түкпірін-
де адамдар таңның атысынан күннің
батысына дейін тек бидай егіп,
баптаумен, егін жинаумен ғана айналысты. Бұл - ауыр жұмыс. Егін егу
үшін бірталай егінші күш біріктіруі қажет. Бидай тастақта өспейді, сон-
дықтан
sapiens
-тер арқа еті арша, борбай еті борша болып, даланы та-
зартты. Бидай күн сәулесін, су мен басқа да нәрлі заттарды өзге өсім-
діктермен бөліскенді жақтырмайды. Сондықтан адамдар шақырайған
күн астында тыным таппай арамшөп жүлды.
Бидай ауырып қалады -
sapiens
-тер оны зиянкестерден, фузариоз бен басқа да кеселдерден
қорғауға мәжбүр болды. Бидай өзін жегісі келген жануарлардан,
мейлі
ол қоян не шегіртке болса да, қорғана алмайды. Сондықтан шаруалар-
дың егістікті қорғауына тура келді. Бидай - сусақ, адамдар бұлақтар
мен өзектерден су тасып, егіннің шөлін қандырды. Бидайдың аштығын
басу үшін
sapiens
-тер
жануарлардың тезегін теріп, онымен егістік то-
пырағын тыңайтты.
Homo
sap/ens-тің денесі мұндай міндеттерді атңаруға арналмаған
еді. Эволюция адамды даланы тастан тазартып,
су тасуға емес, алма
ағаштың басына өрмелеп, елік қууға бейімдеген. Бұл омыртқаға, ті-
зеге, мойын мен табанға зақым келтірді. Ежелгі қаңқаларды зерттеу
нәтижесі ауыл шаруашылығы дамуына байланысты көптеген аурулар-
дың:
омыртқа шеміршегі қажалып, буын, жарық кеселдерінің де пайда
болғанын көрсетті. Оның үстіне ауылшаруашылық көл уақытты жал-
майтындықтан, адамдардың отырықшыланып, өз егістігінің маңында
түруына тура келді. Тұрмыс салты түбегейлі өзгерді. Жоқ,
бидайды
қолға үйретіп, үйге алып келген жоқпыз. Ол бізді үйге «қамады». Бұл
сөйлемдегі негізгі сөз - латын тіліндегі
«domus»
(
үй)
қой. Ал үйде кім
тұрады? Бидай емес, мына біз -
Homo sapiens
тұрамыз.
Емін-еркін өмір салтын ауыр тірлікті
тұрмысқа айырбастаған
адамды бидай қалай «қолға үйретті»? Еркін өмірдің орнына не ұсынды?
Мүлде пайдасы жоқ тағам мәзірін. Өздеріңіз білесіздер, адам - бәрін
жей беретін маймыл еді, ол сан алуан азық-түліктүрлерімен қоректенді.
Аграрлық революцияға дейін оның рационында дәнді дақылдың үлесі
Достарыңызбен бөлісу: