Е КІН Ш І БӨЛІМ
б.з.д. 2000 жыл
б.з.д. 4 5 0 0
жыл
б.з.д. 9000 жып
Ғ
б.з.д. 3000 жы л
б.з.д 7000 жыл
•
'
▼
б.з.д.
6000 жыл
Н
Аграрлық революция тараган аймақтар
ф
Аграрлық революция таралуы мүмкін аймақтар
2-карта. Аграрлық революция таралған аймақтар мен мерзімдер. Археологиялық
жаңалықтарды ескере отырып, дата мен картаға ұдайы өзгерістер енгізіледі1.
Мұның бәрі ертегі еді. ¥рпақтан-үрпақ алмасқан сайын адамзаттың
ақылы молыға түскеніне ешқандай дәлел жоқ. Аңшылар мен терімші-
лер аграрлық революцияға дейін де табиғат қүпияларын адаспай, ай-
қын түсінді. Олар өздері аулаған аңдардың құлқын, теріп-жиған өсімдік-
тердің қасиетін жете білгендіктің арқасында аман-сау қалды. Аграрлық
революция бірден жаңа, жеңіл өмірдің бастауы бола салған жоқ: ежелгі
егіншілер терімшілерден де қиын тұрмыс кешіп, көбіне ашқұрсақ жүрді.
Аңшылар мен терімшілер саламатты өмір сүрді, көп тер төкпей,
алуан
түрлі әрі қызғылықты ермек тапты, аштық пен ауру-сырқауға сирек
ұшырады. Аграрлық революцияның арқасында адамзат қауымы тұты-
натын азықтың жалпы
көлемі артқаны даусыз, алайда ішер астың кө-
беюі - диетаның жақсаруы немесе көңілдің көншуі деген сөз емес қой.
Жоқ, әрине, соның нәтижесінде демографиялық дүмпу болып, элита
тебе көрсетті, ал орташа деңгейдегі малшы мен егінші қүбатөбел аңшы
мен терімшімен салыстырғанда көп еңбек етіп, аз тамақтанды. Аграр-
лық революция - тарихтағы теңдессіз алаяқтық2.
Сонда алаяқ кім? Ол
кезде патшалар, абыздар мен саудагерлер
жоқ еді. Адамды алдаған олар емес, бірнеше өсімдік - бидай, күріш
пен картоп болатын.
Homo sapiens
оларды қолға үйреткен жоқ, керісін-
ше, олар адамды өзіне қызмет етуге мәжбүрледі.
Кәне, аграрлық революцияға бидайдың көзқарасы түрғысынан
қарайықшы. 10 мың жыл бүрын бидай
бар болтаны даланың дақылы
еді, ареалы Таяу Шығыстағы шағын аумақ аясымен шектелетін. Бір-
Достарыңызбен бөлісу: