Қысқаша түйіндеме



бет42/50
Дата05.02.2022
өлшемі4,06 Mb.
#18105
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Білім берудің сапасы
Білім беру саласындағы ұлттық саясаты білім берудің сапасын бағалау халықаралық және ішкі құралдарының нәтижелерін ескеру арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ және ОЖСБ ұлттық емтихандары елдің ішінде қорытынды және аралық бақылау негізінде білім алушыларының білім деңгейі туралы ақпаратты ұсынады, ал халықаралық салыстырмалы зерттеулер (PISA, TIMSS, PIRLS) Қазақстанның білім беру жүйесінің жетістіктерін әлемдік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді.
2015 жылы қазақстандық оқушылар математика және жаратылыстану-ғылыми білімнің сапасын бағалаудың кезекті зерттеуіне қатысты (TIMSS18). Бұл зерттеу 4 сынып оқушыларының олардың негізгі мектепті аяқтау мерзіміндегі (8 сынып) прогресін қадағалайды. 2015 жылы Қазақстаннан 9,5 мың оқушы қатысты.
14 облыстың, Астана және Алматы қалалары шамамен 8 мың оқушысы PISA19 халықаралық зерттеуіне қатысты. Іріктеу білім беру ұйымдарының 15 жастағы оқушылар арасында жүргізілді. Оқушылар арнайы/коррекциялық білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда немесе денсаулығына байланысты зерттеуге қатыса алмаған жағдайда зерттелетін жиынтықтан шығу мүмкіндігі бар. TIMSS-2015 және PISA-2015 нәтижелері 2016 жылғы желтоқсан айында жарияланады.
2015 жылы Қазақстанда алғаш рет мәтінді оқу және түсінудің сапасын бағалаудың PIRLS-2016 зерттеуі басталды. Апробациялық зерттеу өткізілді. PIRLS20 зерттеуінің мақсаты – мәтінді оқу және түсіну саласында бастауыш мектеп оқушыларының құзыретін салыстырмалы бағалау.
Ол 4 сынып оқушыларының оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін негізгі мектеп шекарасында қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл болжамдау және оқушылардың тиісті құзыреттіліктерін одан әрі жетілдіру үшін маңызды.
PIRLS шеңберінде бастауыш сынып оқушыларына, мұғалімдеріне және мектеп әкімшілігіне сауалнама да өткізіледі. Сауалнама Қазақстандағы жалпы білім берудің сапасына әсер ететін факторларды анықтауға, білім беру стандарттарының мазмұнын әртүрлі елдердің оқушылары жалпы білім беру даярлығына қойылатын талаптармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Апробациялық зерттеуге еліміздің 14 өңірі 34 мектебі (оның ішінде 14 ауылдық) 4 сыныптың 1 388 оқушысы қатысты21. Оқушылар 6 буклетке бөлінген оқу сауаттылығы бойынша тестілеу тапсырмаларын орындады. Әр буклетте ашық типті 18-20 тесттік тапсырма ұсынылды. Тесттік буклеттегі тапсырмалар қайталанбады, олардың күрделілік деңгейі, мағыналық жүктемелілігі және тақырыбы әр түрлі болды. Жазбаша жауап жазу талап етілді. 6 буклет ашық типті 115 тесттік тапсырманы қамтыды.
Апробациялық зерттеуді талдау қорытындысы бойынша төртінші сынып оқушыларының тесттік тапсырмаларды орындаудың республика бойынша орташа деңгейінің көрсеткіші 61% құрады. Өз кезегінде, ауылдық және қалалық мектептері оқушыларының нәтижелерінде – сәйкесінше 62% және 61% - айырмашылық анықталмады.
Ұлттық қорытынды емтихан ретінде ҚР БҒМ жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізеді. Соңғы жылдардағы ҰБТ нәтижелерін талдау 2015 жылға дейін жалғасқан түлектердің жалпы санынан қатысушылар үлесінің азаю үрдісін көрсетеді (2016ж. - 84 041, 69,4%; 2011ж. - 125 993, 79%) (2.2.27 - сурет).
2.2.27 - сурет. Сәйкес жылдың жалпы түлектердің санынан
ҰБТ қатысушыларының үлесі

Дереккөз: «ҰТО» РМКК

ҰБТ-ға қатысатын түлектер үлесінің азаюы халықаралық олимпиадалардың және ғылыми жобалардың, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстардың қатысушыларын ҰБТ-дан босатылуына жартылай байлынысты (ҚР БҒМ 2015 жылғы 22 мамырдағы №320 бұйрығы). Сонымен қатар, Қазақстан мектептері түлектерінің шетелдік ЖОО-ға түсуі де орын алады. 2015 жылы ҚР БҒМ деректері бойынша 1 221 түлек (0,9%) шетелге кетті. Өз кезегінде статистикалық деректердің болмауы олардың шетелдік ЖОО-ға нақты түсуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді.


Мектеп түлектері көрсететін білім сапасының орташа көрсеткіші, орташа балл кенет төмендеген 2011 жылмен салыстырғанда (86,7), 2012 жылдан бері (70,9) көтерілді. ҰБТ-2016 ҚР бойынша орташа балы 2015 жылғы мәннен 1,84 балға жоғары болды (2.2.28 - сурет).


.2.28 - сурет. ҰБТ орташа балы


Дереккөз: «ҰТО» РМКК

Ауылдық және қалалық мектептер түлектерінің білім деңгейіндегі үрдістер сақталуда. ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша айырмашылық


7,95 балды құрады (қала – 85,13, ауыл – 77,18). 2015 жылы бұл айырмашылық 7,4 балға тең болды (қала – 83,02, ауыл – 75,67), 2014 жылы ол 9,37 көрсеткішті құрады (қала – 81,56, ауыл - 72,19).
Өңірлер тұрғысынан да белгілі үрдістер байқалады. Осылайша соңғы жылдары ҰБТ-ның ең төмен көрсеткіші Атырау облысы – 70,01 көрінді (2015ж. – 61,01, 2014ж. – 62,21, 2013ж. – 74,1). Аз ғана ілгерушілік Маңғыстау (2016ж.-78,5, 2015ж. – 75,75, 2014ж. – 74,49, 2013ж. – 69,68) және Алматы облыстарында (2016ж.-79,56, 2015ж. – 76,37, 2014ж. – 72,6, 2013г. – 71,21) байқалады.22
ҰБТ орташа балы бойынша дәстүрлі түрде Астана және Алматы қалалары көшбасшы.23 ҰБТ тұрақты жоғары көрсеткіштерін, басқа өңірлермен салыстырғанда, Ақтөбе облысы да (2016ж. - 82,79, 2015ж. - 82,69, 2014ж. – 83,97) көрсетті24. 2016 жылы салыстырмалы жоғары нәтижені (88,17) Павлодар облысының түлектері көрсетті.
ҰБТ түрінде білімді қорытынды бағалаумен қатар, оқушылардың аралық академиялық жетістіктерінің мониторингі ОЖСБ рәсімі шеңберінде өткізіледі. 9 сынып оқушыларының білімін тексеру жыл сайын қағаз жүзінде және компьютерлік тесттер арқылы жүзеге асырылады.
2014 жылдан бастап тесттік тапсырмалардың 30% оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға бағытталды.
ОЖСБ алғаш рет өткізілген 2012 жылдан басқа, ҚР бойынша орташа балы әлі де 50 балдан төмен болып қалуда (2.2.29-сурет). 2012-2015 жылдары тестілеу әрқайсысына 1 балдан берілетін 80 тапсырманы қамтыды. 2016 жылы 60 тапсырма кезіндегі ОЖСБ максималды балы 75 балл болды25. ҚР бойынша ОЖСБ-2016 орташа балы, 2015 жылғы нәтижемен салыстырғанда, 4,11 балға төмен және 2014 жылмен салыстырғанда 6,33 балға төмен болды.


.2.29-сурет. ОЖСБ орташа балы
Дереккөз: «ҰТО» РМКК
ҰБТ нәтижелері сияқты, ОЖСБ талдауы қалалық оқушылар олардың ауылдық құрдастарына қарағанда неғұрлым жоғары нәтижелерді көрсетті. Осылайша, ОЖСБ-2016 қорытындысы бойынша, ауылдық оқушылар қалалық оқушылардан орташа есеппен 5,34 балға артта қалды (2012ж. –1,82 балға, 2013ж. – 3,95 балға, 2014ж. – 3,94 балға, 2015ж. – 3,81 балға).26
Әртүрлі типті мектептер оқушылары жетістіктері деңгейінде де айырмашылық тіркелді. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер ОЖСБ нәтижелері бойынша көшбасшы болды (2015ж. - 50,2, 2016ж. – 45,95). Ең төменгі нәтижелерді жалпы білім беретін мектептер көрсетті (2015ж. - 35,9, 2016ж. – 32,24). Осылайша, бұл мектептер арасындағы айырмашылық 2016 жылы 13,61 балды құрады.
Компьютерлік және бланктік тестілеу нәтижелерінде де айырмашылық болды. 9 сынып оқушыларының 33% (9 863) компьютерлік тестілеуге қатысып, орташа есеппен 38,65 балды жинады. Ал ОЖСБ-ны қағаз түрінде тапсырған оқушылардың қалған 67% орташа есеппен 30,58 балл алды. ОЖСБ компьютерлік нұсқасын тек қалалық мектептер ғана қолданғанын атап өткен жөн.
2016 жылы ОЖСБ-ге алғаш рет 4 сынып оқушылары (14 525 бала) қатысты. Тестілеу қорытындысы бойынша төртінші сынып оқушыларының орташа көрсеткіші 18,59 балды құрады (мүмкін болатын 25-тен).
Неғұрлым жоғары нәтижелерді Алматы және Астана (22,69 және 21,72 балл) қалаларының, сонымен қатар Қостанай облысының (20,28) төртінші сынып оқушылары көрсетті. Ең төменгі орташа балл Оңтүстік Қазақстан (16,74), Солтүстік Қазақстан (16,76) және Маңғыстау облыстарында (16,78) анықталды.
9 сынып оқушыларының ОЖСБ көрсеткіштері бойынша Алматы қаласы (52,25) және Астана қаласы (46,18) көшбасшы болды. Ақмола облысы елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда жоғары нәтижені (38,24 балл) көрсетті. Ең төменгі орташа балды Атырау (25,52) және Солтүстік Қазақстан (26,48) облыстарының тоғызыншы сынып оқушылары жинады (2.2.30-сурет).
.2.30-сурет. ОЖСБ-2016 орташа балы
Дереккөз: «ҰТО» РМКК
5-КІРІСТІРМЕ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет