Қысқаша түйіндеме



бет9/17
Дата30.01.2017
өлшемі4,06 Mb.
#8304
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Гүлмира Молдагерейқызы Жанжігітова,

сурдопедагог

есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж

Ақтөбе облысы

Ақтөбе қ.

«Менің мамандығым ерекше, бірегей десе де болады: өйткені мен музыка үнін естімейтін балаларға ән айтуды, адамдардың дауысын естімейтін балаларға сөйлеуді, табиғат үнін естімейтін балаларға өмірді сүюге және өмірді бағалауға үйретемін.



Балалар адал сүйеді және махаббаттарымен шабыттандырады әрі жүрекке сенім ұялатады. Сабақта қойылған коррекциялық мақсаттарға қол жеткізу үшін әрдайым инновациялық тәсілдерді қолданып отыру керек. Тәрбиеленушілерімнің кемшіліктерінің құрылымын ескере отырып, құлағы естімейтін балалардың қоғамда неғұрлым табысты әлеуметтенуі үшін күнделікті жұмысымда дамыта оқыту технологиясын, арт-терапияның көптеген түрлерін және нүктелік инклюзияны пайдаланамын».




Айгерім Сертайқызы Жұмабекова,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты,

Павлодар облысы

Павлодар қ.

«Мен өзімнің шәкірттерімнен үздік педагог қандай болуы керек деп сұрадым. Сонда шәкірттерім: «Үздік педагог тек бойында терең білімі бар маман ғана емес, сонымен қатар, өзінің бар қасиеттерімен және бар тұлғасымен үлгі бола алатын тұлға», - деді. Мен сол талапқа сәйкес болуға тырысамын. Бұл жолда маған ісіме және шәкірттеріме деген сүйіспеншілік дұрыс бағыт нұсқайды.



Мен үшін педагогикалық үрдістегі ең маңыздысы оқушылармен қарым-қатынас, пәнге деген сүйіспеншілік арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Мен дарынды балалармен жұмыс істейтіндігіме шексіз қуаныштымын».






Күлжан Саханқызы

Жұмағұлова

химия пәнінің мұғалімі

дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты,

Қарағанды облысы

Қарағанды қ.
«Қазіргі заман педагогы – ол өзінің ісіне берілген нағыз кәсіби шыңдалған тұлға болуы керек. Өзіндік шыңдалу мен іздену нәтижесінде ғана алдында отырған өскелең жас ұрпаққа жоғары деңгейде білім бере алады. Өйткені мұғалім аты ұрпақты тәрбиелеудегі ең жауапкершілігі мол адам болып саналады.

Бала кезімде маған білім берген мұғалімдерді пір тұтатынмын, ол адамдар мен үшін ең білімді, жан-жақты, керемет жандар болып есептелетін. Баламен жұмыс, мектептің қарқынды тірлігі, үнемі ізденісте болып, шыңдалуым – таңдаған мамандығымды одан әрі жалғастыра беруге септігі бар деген ойдамын».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет