Қысқаша түйіндеме



бет7/17
Дата30.01.2017
өлшемі4,06 Mb.
#8304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Сәуле Амангедіқызы

Бахрамова

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Б.Бөлтіріков атындағы орта мектеп

Қордай ауданы,

Жамбыл облысы


«Өз мамандығын шексіз сүйетін, терең теориялық біліммен қаруланған, бала жанын ұға білетін қасиетті мен педагог бойындағы ең басты қасиет деп санаймын. Егер де маған қайта мамандық таңдау кезегі бұйырса, мен ойланбастан осы мамандықты таңдар едім. Себебі мен ұлан-байтақ қазақ даласының бір шеткері ауылында тұрып-ақ, қазақ тілін үйрету арқылы ұлтымның ұлы тұлғалары мен тарихы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын бар болмыс-бояуымен өзге ұлт өкілдерінің санасына сіңіртіп, мемлекеттік тілдің мерейін асырып жүрген тіл жанашырының бірімін.

Педагогикалық қызметімдегі табыстылықты мен оқушыларға сапалы білім беруге бағытталған нәтижелі еңбегім мен менің көшіме ілесіп отырған дарынды және талантты, еңбекқор шәкірттерім деп санаймын».




Анатолий Николаевич

Билида,

Физика пәнінің мұғалімі

Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі

Павлодар облысы

Павлодар қ.,

«Заманауи мұғалімнің ең алдымен өзіне, содан кейін ғана басқаларға талап қою қабілеті болуы керек. Мен мұғалім мамандығын өмір жолымда үлгі тұтарлық мұғалімдерді кездестіргенім үшін таңдадым.



Мектептегі білім беру жүйесінде қызмет етудің басты себебім – менің шәкірттерімнің республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардағы жетістіктері. Бұл – менің еңбегімнің жемісі. Егер маған мамандықты қайта таңдау керек болса, мен бәрібір мұғалім болатын едім, өйткені бұл қызықты әрі шығармашылық кәсіп. Балалармен қарым-қатынас жасау педагогикалық қызметтің ең үлкен марапаты деп санаймын».







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет