Қысқаша түйіндеме



бет3/17
Дата30.01.2017
өлшемі4,06 Mb.
#8304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

_____________________________________________________________________________________
Тең білім беру мүмкіндіктері

Инклюзивті білім беру барлық балаларды білім беру жүйесіне «қосуды» және оларға оның игілігін пайдаланудың тең мүмкіндіктерін ұсынуды қарастырады7. ҚР «Білім туралы» Заңы инклюзивті білімді барлық білім алушыларға ерекше білім беру қажеттіліктерді және жеке мүмкіндіктерді ескерумен білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс ретінде анықтайды.

Білім алушының тікелей білім алуы мен оның заманауи қоғамда әлеуметтенуін қамтамасыз етуден басқа, орта білімнің негізгі дәргейі адами капиталды өсіру болып табылады. Балаларға сапалы білім беру тең қолжетімділікті ұсыну және оларға өздерінің жеке кедергілерін жеңуге көмектесетін жағдайлар жасауы, ең алдымен, экономикалық тұрғыдан өте маңызды.

ЮНЕСКО бастамаларына (Саламанка келісімі) сәйкес мектептегі біліммен физикалық, әлеуметтік, интеллектуалдық, эмоциялық жағдайға және лингвистикалық алғышарттарға қарамастан, барлық балалар қамтылуы керек. Қолжетімділіктегі теңдік - білім беруді әрқайсысына тегін берілетін игілік қана емес, бұл оны қолайлы қолдану және одан пайда табу мүмкіндігі.8

Барлық балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету Қазақстанның білім беру саясатының басымдылығы болып табылады. Бұл тәсіл аз этностар өкілдері болып табылатын балаларға да қолжетімді білім беруді қарастырады. Мемлекет оралман және тілдері
аз қолданылатын ұлттар өкілдері болып табылатын балаларды сапалы мектептегі білім берумен барынша қамту үшін іс-шаралар қолданады.

2015 жылы елімізде 12 мыңнан астам оралман-оқушы есептелді. Олардың көп бөлігі Алматы - 4 534 оқушы (38%) және Шығыс Қазақстан облыстарында - 2 330 (19%) шоғырланды. Салыстыру үшін,


Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бұл санатта небәрі 10 баладан білім алады.

Елімізде басқа ұлт өкілдері болып табылатын балаларға туған тілінде білім беру мүмкіндіктерін ұсынуға жағдай жасалады. 2015 жылы балалар өзбек (16), ұйғыр (13) және тәжік (4) тілдерінде білім алатын 33 мектеп жұмыс істеді. Онда 99 371 оқушы білім алды. Мұндай балаларға барынша тілдік қолайлы орта құру керек. Бұл басқа ұлт өкілдері болып табылатын балаларға құрдастарымен тең дәрежеде табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.



Денсаулық жағдайына байланысты ерекше қажеттіліктермен балаларға білім беруге ерекше көңіл бөлу керек. 2015 жылы ҚР-да мектеп жасындағы ерекше қажеттіліктермен 95 847 бала есептелді. Олардың ішінде 26 293 (27,4%) бала инклюзивті білім берумен қамтылды, бұл
2014 жылғы көрсеткіштен 0,8% артық. 2015 жылы инклюзивті білім беруге тиісті жағдайлар мектептердің 44,8% жасалды (2.2.11 - сурет). Мұндай мектептер көтеру құрылғылармен, пандустармен, санитарлық бөлмелерде арнайы құрылғылармен, арнайы парталармен, үстелдермен және тұтқалармен жабдықталды.

2.2.11 - сурет. Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі

Дереккөз: ҚР БҒМ

2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде


612 дефектолог-мұғалім және 710 логопед-мұғалім жұмыс істеді. Мұғалімдерді инклюзивті білім беру саласында жұмыс істеудің өзгешелігіне оқытуға ерекше көңіл бөлінеді.

2015 жылы инклюзивті білім берудің мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстарынан 1 276 мұғалім өтті. Олардың 955 «Өрлеу» ҰБАО базасында, 321 мұғалім Ұлттық коррекциялық педагогиканың ғылыми-практикалық орталығы (ҰКПҒПО) базасында біліктілікті арттырды. Орталық арнайы білім беру жүйесінің мұғалімдері мен ұйымдарының қызметін үйлестіреді (арнайы мектептер, оңалту орталықтары, логопункттер және т.б.) (2.2.3-кесте).


2.2.3-кесте. Коррекциялық-білім беру процесі ұйымдарының желісі, бірлік, 2015 жыл

Жыл

Арнайы балабақшалар

Арнайы мектептер

Псих-пед. коррекция кабинеттері

Оңалту орталықтары

Логопункттер

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру

2015

39

100

137

12

880

51

2014

36

97

136

14

762

57
Дереккөз: ҰКПҒПО

ҰКПҒПО оңалту орталықтары және арнайы кабинеттер мұғалімдерінің кадрлық әлеуетін арттыруды ұйымдастырады, арнайы білім беру ұйымдарының білім алушыларына коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. 2011-2015 жылдары біліктілікті арттыру курстарынан 7 288 мұғалім немесе арнайы білім беру саласының мамандарының жалпы санынан 83% өтті (2.2.12 - сурет). Біліктілікті арттырған мұғалімдердің басым үлесі - 60% арнайы мектептерде жұмыс істеді.



2.2.12 - сурет. Арнайы білім беру мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі, %, 2011-2015 жылдары



Дереккөз: ҰКПҒПО
ҰКПҒПО базасында 2015 жылы біліктілікті арттыру курстарында коррекциялық педагогиканың 321 қызметкері, оның ішінде арнайы білім беру ұйымдары мен оңалту орталықтарының логопедтері, психологтері және әлеуметтік мұғалімдері оқытылды. Орталық есту және сөйлеу қабілеттерді дамытуға арналған компьютерлік оқыту бағдарламалары сияқты ерекше білім беру қажеттіліктермен балаларды оқытудың озық технологияларын қолданады.
1-КІРІСТІРМЕ.

_______________________________________________________________________________________________

Инклюзивті білім беру тәжірибесі

Қарағанды қаласының №27 жалпы білім беретін орта мектебі ҰКПҒПО-ның эксперименттік алаңы болып табылады. Қарағанды облысы Білім басқармасының бұйрығымен 2012 жылы «Бейімделген мектеп - баршаға арналған мектеп» №27 ЖОМ эксперименттік даму жоспары бекітілді. Ерекше білім беру қажеттіліктермен балалар үшін мектептегі бейімдік ортаны құру және қолдауды Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі көрсетеді (дефектолог, психолог, логопед мұғалімдері, дәрігер-психиатр).

Білім беру процесіне психикалық дамуы тежелген, ерте сәби аутизмі, есту/көру қабілетінің бұзылуы және т.б. даму ерекшеліктерімен балалар енгізілді. 2015-2016 оқу жылында білім алатын балалардың жалпы саны 85, оның ішінде


50 бала 4 арнайы сыныптарда, 35-і 22 инклюзивті сыныптарда білім алды. Мектепте кешендік тестілеу арқылы іріктеу жүргізетін 3 лицей сынып құрылды.

Мектептердің мұғалімдері зерттеу қызметімен айналысады. Олардың әдістемелік ұсыныстары Ресурстық кенес беру орталығы (РКО) мектебінің базасында құрылған инклюзивті білім берудің қызметінде қолданылады. РКО мамандары «Инклюзивті білім берудің ерекше білім беру қажеттіліктермен балаларды жалпы білім беретін мектептердің жағдайында ұйымдастыру және оның мазмұны» оқыту курсының бағдарламасын әзірледі.

РКО жалпы білім беретін мектептер, колледждер мен арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен жетекшілеріне арналған диалогтық алаң болып табылады. РКО әдістемелік материалдары ата-аналарға, мамандарға және кең қауымға WEB-сайт inclusion27.org. арқылы қолжетімді.

№27 ЖОМ базасында жиналған инклюзивті білім беруді дамытудың тәжірибесі республикалық ауқымда көрсетіледі (Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары, Астана және Алматы қалаларында, Қызылорда облысында).


Қазақстан өңірлерінде ерекше білім беру қажеттіліктермен балаларды қосымша білім беру жүйесіне енгізудің жүйелі жұмысы жүргізіледі.
Осылайша, «Есту қабілеті нашар балаларды арт-терапия элементтерімен бейнелеу қызметіне үйрету» бағдарламасы шеңберінде Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебінде 28 бала білім алды. Мектептің тәрбиеленушілері «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығының фестиваліне және халықаралық байқауларға үнемі қатысады. Степногорск қаласының Балалар шығармашылығы үйінің мұғалімдері 2009 жылдан бастап «Күннің балалары» әлеуметтік жобасын жүзеге асырады. Бұл - ерекше қажеттіліктермен балаларға арналған шығармашылық кездесулер, акциялар, жарыстар, психологтың кеңес беруі.

Алматы қаласында «Жас натуралистер станциясы» мұғалімдері есту қабілеті нашар балаларды оқытудың әдістемесін әзірледі. Олардың тәжірибесі интернат және жай мектептердің тәрбиеленушілерін біріктіретін аралас топтарда оқытудың тиімділігін көрсетеді. РҚБОӘО біріктірілген оқыту балаларда бір-біріне деген толеранттықты тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтеді.

Батыс Қазақстан облысының (Орал қ.) Облыстық балаларға қосымша білім берудің экологиялық-биологиялық орталығы денсаулығында кемшіліктері бар балаларға экологиялық білім беру жұмысын жүргізеді.
«Гүл шаруашылығы» бағдарламасы өсімдік әлемі туралы ойлау қабілетін дамытуды және қарапайым түсініктерді меңгеруді, қоршаған ортамен танысуды қарайды.

Дарынды балаларға арналған 106 мамандандырылған мектебінде (2.2.13 - сурет) 44 652 оқушы білім алды. Осы мектептерде жаратылыстану-математикалық бағыттылықтың басымдылығы тіркелді (66, оның ішінде «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-интернаты). Сонымен қатар,


23 мектепте балалар жаратылыстану-математикалық және басқа бағыттар бойынша білім алды.

2.2.13 - сурет. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісі, бірлік, 2015 жылы

Дереккөз: ҚР БҒМ

«Дарын» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде 74 181 оқушы білім алды. Олардың басым бөлігі жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейтін мектептер болды. Оқушылар жыл сайын Қазақстан атынан халықаралық олимпиада және ғылыми жарыстарға қатысады. 2015 жылы ұлттық жинақта математика (IMO), физика (IPhO), химиия (IChO), биология (IBO) және информатика (IOI) халықаралық пәндік олимпиадалардан ұтқан 24 медаль жиналды. 2015 жылы қорытынды рейтингте Қазақстан әлемнің 98 мемлекетінің арасында 12-орынға ие болды (2.2.4 - кесте).


2.2.4 - кесте. «Дарын» мектептері оқушыларының халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері, 2015 жылы



Олимпиада

Қазақстанның позициясы

Қатысушы-елдер саны

IMO

25

104

IPhO

15

83

IChO

15

75

IBO

25

64

IOI

8

83

Дереккөз: «Дарын» РҒПО

Талантты балалардың жеке әлуетін дамытудың бірегей мүмкіндігін Назарбаев Зияткерлік мектептері ұсынады. 20 НЗМ және 1 халықаралық мектепте 13 953 оқушы білім алды.

НЗМ білім беру бағдарламаларының заманауи модельдерін енгізудің эксперименттік алаңы болып табылады. Осында дарынды балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалды. НЗМ ұлттық үйлестірушісі ретінде робот техникасынан 2 Республикалық олимпиада өткізілді. Оған еліміздің жалпы білім беретін мектептердің 52 командасы және НЗМ 39 командасы қатысты.

2015 жылы Астана қаласының НЗМ 12 сыныптың түлектеріне алғаш рет Халықаралық Бакалавриат Ұйымының стандарттары бойынша сырттай бағалау өткізілді. Халықаралық бакалавриаттың дипломы 6 таңдалған пән және 3 міндетті конпонент («Кеңейтілген эссе», «Танымдық теориясы», «Шығармашылық, іс-әрекет және қоғамға қызмет ету») бойынша тәуелсіз емтиханды қарастырады. Емтихан қорытындысы бойынша 37 түлек (90,2%) Халықаралық Бакалавриат Дипломын алды9.

Ағылшын тілін меңгерудің жоғарғы дәрежесін НЗМ түлектері IELTS емтиханының қорытындысымен дәлелдейді. 2015-2016 оқу жылында
2 072 оқушы (47%) 6,0 және одан да жоғары балға ие болды. Олардың
195 (9%) 7,0 және одан да жоғары нәтиже көрсетті. Ең жоғарғы балды -
9,0-ден 8,5-ті Қарағанды қаласының Зияткерлік мектебінің түлегі алды.

Еліміздің білім беру жүйесінде қолайсыз отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетіледі. 2015-2016 оқу жылының басында Қазақстанның күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерінде қолайсыз отбасылардан шыққан 247 925 бала білім алды (2.2.14 - сурет). Олардың 247 667 немесе 99,9% (оның ішінде ауылдық жердегі


165 497 бала) тегін ыстық тамақпен қамтылды.
2.2.14 - сурет. Қолайсыз отбасылардан шыққан оқушылар, мың адам,
2015 жыл

Дереккөз: ҚР БҒМ

Қазақстанның барлық өңірлері, Қостанай облысынан басқа (97,4%), қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен жүз пайыз қамтыған. Тегін тамақ алатын балалардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлерінде білім алды (Оңтүстік Қазақстан (30 908), Алматы (26 033), Жамбыл (23 895) және Қызылорда (21 405) облыстары).

2011-2015 жылдары «Мектепке барар жол» жылдық акциясы шеңберінде 9 млрд. теңгеден асатын материалдық көмекпен 1,5 млн. оқушы қамтылды. Демеушілер мен меценаттар акцияға дәстүрлі түрде белсенді қатысады. Тек 2015 жылдың өзінде-ақ 150 мың оқушыға 1 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Жыл сайын жалпыға бірдей білім беру айлығы шеңберінде «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді. 2011-2015жж. жүзеге асырылған акция шеңберінде 840 мыңнан астам оқушыға 3 млрд. теңгеден асатын әлеуметтік көмек көрсетілді. Соңғы бес жылда мектептерге 1 123 оқулық қайтарылды. Дегенмен, анықталған балаларды шамамен 30% әр түрлі себептерге байланысты мектепке қайта келмеді.

2015 жылы мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде психологиялық-педагогикалық қолдауды 7 002 педагог-психолог және 3 740 әлеуметтік педагог көрсетті. Мектепке бармайтын балаларды анықтау жыл сайынғы фактісі мектептерді психологтармен және әлеуметтік педагогтармен кешенді қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейді. Мектеп контингентінің ерекшелігін ескерумен олардың кәсіби құзыреттіліктерін де жетілдіру ұсынылады.

БАСТЫ НАЗАРДА



_________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет