Салтанат Сейітқадырқызы Есманова
физика пәнінің мұғалімі
Райымбек батыр атындағы «Қазғарыш» №50 мектеп-лицейі
Астана қ.
«Мұғалім өзін-өзі дамытуға және мақсатқа ұмтылғыш болу керек, осылайша, ол басқаларды да дамытады. Мен бұл мамандықты еліміздің білім беру жүйесін дамытуға аз да болса үлесімді қосу үшін тандадым. Егер мамандықты қайта тандау мүмкіндігі болған жағдайда, мен өз тандауымнан қайтпайтын едім.
Шығармашылық ұжымда жұмыс істеу мүмкіндігі және шәкірттеріммен қарым-қатынасым бұл - мамандығымның басты қуаныштары. Мен үнемі ізденісте боламын, өз-өзімді дамытуға тырысамын, өйткені бұл – мұғалімнің табысқа жетудің басты шарттары».
Светлана Николаевна
Скребец
физика пәнінің мұғалімі
Б. Момышұлы атындағы орта мектеп
Т. Рысқұлов атындағы аудан Жамбыл облысы
«Мен өз-өзімді балаларсыз елестете алмаймын, сондықтан да мен мұғалім мамандығын тандадым. Олар физикалық тәжірибелер, жаттығулар, спорттық жарыстар кезінде үнемі менің жанымда. Осы қоршаған ортасыз мен өз-өзімді елестете алмаймын.
Мұғалім – кәсіпқойлықтың үлгісі, азаматтық, өндірістік және жеке қызметтерді тасымалдаушы. Бұл – педагогика және психология салаларында терең білімі бар өз ісінің маманы. Оның педагогикалық шеберліктің, тәрбиелеу және оқыту технологиясының жоғарғы деңгейі, балалармен жұмыс жасау қабілеті болуы керек. Және, әрине, ол шыдамды, тапқыр, оптимистік ниеттелген, жан жылуын беретін, айналадағы адамдарды өзіне тартатын адам болуы керек».
Айман Тілеубергенқызы
Смағұл
тарих пәнінің мұғалімі
дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы
«Өз мамандығымның майталман иесі болуды қалаймын. Мамандықты сүю, жақсы көру, ынта-ықылас болғанда ғана биік белестерді бағындара алатын жақсы маман бола аламын.
Оқушымен жұмыс жасап, барлық білімінді оқушы бойына сіңдірту арқылы жақсы нәтиже жеткізу педагогтың шығармашылығын шыңдайды, өз-өзіңді тәрбиелеп, нағыз педагог екенді сезіне аласын».
Зинаида Анатольевна
Достарыңызбен бөлісу: |