«Мен үшін педагогикалық қызметтің оқушылармен қатынас аспектісі бағалы. Себебі қазіргі заманның балалары ерекше ақылды, жылдам, еркіндікке құмар. Сондықтан біздер «садақ» болсақ, оқушыларымыз бізден бастау алған «жебе».
Адам баласы – жер бетіндегі ең саналы тіршілік иесі. Сол адамзатқа ізгіліктің, зиялылықтың дәнін себуден артық нәрсе жоқ. «Мектеп» деген сөз - араб тілінен аударғанда «қуаныш үйі» деген мағына береді. Бала – періште. Осы жағынан да қуаныш үйі бола алады. Сол періштелер бізге қалтқысыз сенеді, осы сенім мені үнемі мазалайды».