Қысқаша түйіндеме



бет4/17
Дата30.01.2017
өлшемі4,06 Mb.
#8304
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Педагогикалық кадрлар

Еліміздің күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде балаларды 325 184 мұғалім, оның ішінде 291 237 пән мұғалімдері оқытты. Қазақстан мұғалімдерінің сапалық құрамының айқын сипаты мамандықтың абсолюттік феминисттілігі болып табылады. Елімізде 265 282 (81,6%) әйел мұғаліммен салыстырғанда небәрі 59 902 (18,4%)


ер мұғалім болды.

Жалпы есеппен Қазақстанның мектептеріне 2015 жылы 31 738 мұғалім келді, 23 874 мұғалім кетті (2.2.15 - сурет). Шамамен 7 мың мұғалім бұрынғы мұғалімдердің қатарынан педагогикалық қызметке оралды. Шамамен 3 мыңы педагогикалық қызметке басқа ұйымдардағы жұмыстан қайта оралды.



2.2.15 - сурет. Мұғалімдер кадрларының қозғалысы, адам, 2015 жыл

Дереккөз: ҚР БҒМ

Мамандықтан кеткендердің 4,6 мың адамы зейнетке шықты. 3 441 мұғалім өзінің педагогикалық қызметін елден көшуіне байланысты тоқтатты. Мамандықты ауыстыру да орын алды – мұғалімдердің 2,5 мыңнан астамы кәсіптік қызметтің басқа түрін таңдады.

2015 жылы еліміздің мектептерінде 42 799 зейнетақы жасындағы (55-64 жас) мұғалім жұмыс істеді, бұл педагогикалық кадрлардың жалпы санының 13% құрады. Зейнетке шыққаннан кейін педагогикалық қызметін 7 217 мұғалім жалғастырды. Қазақстан педагогтарының үштен бір бөлігінде (107 171), оның ішінде 102 022 мұғалімнің 20 жылдан асқан еңбек өтілі болды. Бұл факт өз тәжірибесін кеңес үкіметі мерзімінде бастаған мұғалімдердің орнын басатын жас мамандарды даярлаудың өзектілігін дәлелдейді.

Педагогикалық мамандықтың беделіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі – мұғалімнің еңбекақысы. 5 жылдың ішінде мұғалімнің орташа еңбекақысы ел бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай төменде қалу үрдісі сақталып келді. ҚР бойынша орташа еңбекақы соңғы


5 жылда 40% өсті (90 028 теңгеден 126 021 теңгеге дейін), орта мектеп мұғалімінің еңбекақысы тек 21% ғана өсті (15,3 мың теңгеге)
(2.2.16 - сурет).
2.2.16-сурет. Мұғалім еңбекақысы мөлшерінің динамикасы, теңге



Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК

Әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша10 сауалнамаға қатысқан халықтың жартысы (43%) үшін мұғалім мамандығының беделі соңғы


5 жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Сонымен қатар, халықтың 47% пікірінше (оның ішінде 57% – қала тұрғындары), еңбекақының төмен деңгейі мұғалім мамандығы беделі төмендеуінің басты себептерінің бірі болды. Өз кезегінде сауалнамаға қатысқан халықтың 33% мұғалімдердің жүктемелерінің тым артық болуы мамандықты таңдауға кедергі келтіретін факторлардың бірі екенін көрсетті.

2-КІРІСТІРМЕ.



_______________________________________________________________________________________________

Мұғалім мамандығының беделі
Мұғалім мамандығының тартымдылығын арттыру әлемдік білім беру қауымдастығының өзекті тақырыбы болып табылады.

«Мұғалімдер маңызды», ЭЫДҰ, 2005 жыл11. Педагогикалық мамандықтың төмен беделі және мәртебесі, сонымен қатар көптеген елдердің мұғалімдерді ынталандырудың шектелген ресурстары неғұрлым алаңдататын аспектілердің тізбесіне енгізілді. ЭЫДҰ мұғалімдердің беделін жетілдіру және ЖОО түлектері үшін мамандыққа деген қызығушылықты арттыру бойынша іс-шараларды ұсынады.

Мұғалімнің беделін арттыруға қажетті шаралар қатарында мұғалімдер арасында мамандықтың маңыздылығы туралы оң түсінікті қалыптастыру, мектептер мен ата-аналардың өзара іс-қимыл жасауын нығайту, БАҚ ақпараттық компаниялар арқылы педагогикалық мамандықты насихаттау шаралары бар. ЭЫДҰ өмір бойы міндетті түрде педагогикалық қызметті таңдау ретінде қабылданбауы үшін мамандықты өзгерту мүмкіндігін де қарауды ұсынады. Сонымен қатар, мұғалім мамандығын аз ұсынылған топтар арасында (ер адамдар, аз ұлт өкілдері) насихаттаудың барлық мүмкіндіктерін қарау керек.

Мұғалім мамандығының бәсекеге қабілеттілігін және оның жұмыс жағдайын жоғарылату үшін ЭЫДҰ әлеуетті пән мұғалімдерін тарту үшін арнайы бағдарламаларды – шәкіртақыларды, жеңілдікті несиені және еңбекақы үстемақыларын қарауды ұсынады. Тәжірибелі мұғалімдерді қосымша мадақтау шараларын қарауы да ұсынылады. Сарапшылар ізденушілердің төмен қызығушылығын ескере отырып, мұғалімдердің еңбекақысының икемді жүйесін жасауды, сонымен қатар «қиын өңірлерде» жұмыс істейтін мұғалімдер үшін үстемақыны көздеуді ұсынады.

ЭЫДҰ жұмысқа қабылдау кезінде мұғалімдерге қойылатын талаптарды қайта қараудың өзектілігін де атады.

Сингапур және Гонконгта мектептің үздік түлектерінің тек 30%,


ал Оңтүстік Кореяда тек үздік 10% ғана болашақта мұғалім болуға мүмкіндіктері бар. Финляндияда мұғалім болу үшін үміткерлердің магистр дәрежесі болуы тиіс.

Жоғары оқу орнындағы даярлықтың ұзақтығы ЭЫДҰ елдерінде әртүрлі. Германия мен Люксембургте орта мектеп мұғалімін 6 жыл, ал Жапонияда 4 жыл даярлайды. Өз кезегінде Финляндия мұғалімдері өздерін неғұрлым сенімді және мазмұны мен оқытатын пәндердің педагогикалық компоненттері жағынан кәсіби даярланған деп санайды. Израиль мұғалімдері өздерін педагогикалық қызметке неғұрлым аз даярланған деп санайды.12


2015 жылы жалпы білім беретін мектептерге барлығы 8 888 жас мұғалім келді, олардың 5 104 маманы ауыл мектептерінде жұмыс істеуге ниет білдірді. Мұғалімдердің неғұрлым үлкен ағыны «ағылшын тілі» (893), «математика» (684) және «дене тәрбиесі» (995) пәндері бойынша белгіленді. Жас мамандардың 69% ЖОО, ал 31% колледж түлектері болып табылады.

Ауыл және қала мектептері мұғалімдерінің сапалық құрамында айтарлықтай айырмашылықтар көрінді. Осылайша, санаты жоқ


81 436 педагогикалық қызметкерлердің 51 681 (63,5%) ауыл мектептерінде жұмыс істеді.

Елдің жоғары санатымен педагогикалық қызметкерлердің үлесі ауыл мектептерімен салыстырғанда (13,6%) қала мектептерінде 10% артық (25,8%), жоғары санаты бар 32 214 мұғалім қала мектептерінде, 27 231 мұғалім ауыл мектептерінде жұмыс істеді (2.2.17-сурет).



2.2.17 - сурет. Мұғалімдердің сапалық құрамы,

адам, 2015 жыл

Дереккөз: ҚР БҒМ
Пән мұғалімдерінің (291 237) бестен бір бөлігінің (56 767) жоғары, 30,3% (88 379) бірінші санаттарына ие. Екінші санат 79 129 (27,2%) мектеп мұғалімдерінде болды және 66 962 (23%) мұғалімнің санаттары болмады.

Жоғары санаттағы мұғалімдердің үлесі елдің әртүрлі өңірлері бойынша деректерді салыстырғанда әр түрлі. Осылайша, Қызылорда облысында 2015 жылы осы біліктілік санаты тағайындалған мұғалімдердің неғұрлым аз саны (8%) тіркелді (өз кезегінде облыста бірінші санаты бар мұғалімдердің үлесі ең жоғары – 39%). Салыстыру үшін, Астана және Алматы қалаларында жоғары санаттағы мұғалімдердің үлесі шамамен төрт есе артық (33% және 35%). Аса жоғары көрсеткішті Павлодар облысы көрсетті – мұғалімнің 27,5% жоғарғы санатты болды (2.2.2 - кесте). Маңғыстау облысы біліктілік санаты жоқ мұғалімдердің үлесі бойынша көшбасшы болды – мұғалімдердің жалпы санының 31% құрады.

Жалпы елдегі мұғалімдердің тек 50% (145 146) ғана жоғары және бірінші біліктілік санаттары болған. Мұғалімдердің жалпы санынан жоғары білікті мұғалімдердің көп бөлігі Павлодар облысында - 58%, Астана қаласында - 57% және Алматы қаласында - 56% тіркелді (2.2.18 - сурет).

2.2.18 - сурет. Жоғарғы және бірінші санаты бар мұғалімдердің үлесі, %, 2015 жылы





Дереккөз: ҚР БҒМ
Қазақстанның барлық мұғалімдерінің небәрі 89% (290 399) ғана жоғары білімі және 11% техникалық және кәсіптік білімі болды. Өз кезегінде жоғары біліммен мұғалімдердің 39% қала мектептерінде, ал 61% ауыл мектептерінде жұмыс істеді.

Қазақстан мектептерінде дипломы бар 2 137 магистр жұмыс істеді, олардың үлесі мұғалімдердің жалпы санының тек 0,7% ғана құрады. Олардың басым бөлігі математикадан (317), қазақ мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетінен (247) және тарихтан (232) сабақ берді. Магистрлар саны мұғалімдердің жалпы саны қатынасында әлі де төмен.

Жоғары білімі бар мұғалімдердің өңірлер бойынша үйлестірілуінде айтарлықтай айырмашылықтарды анықталмады. Қазақстанның барлық облыстарында мұғалімдердің 84% жоғары білімі туралы дипломы бар болды. Тек Маңғыстау облысында педагогикалық қызметкерлердің 74% ғана ЖОО түлегі болған. Жоғары білімі бар мұғалімдердің жоғары пайызын Ақтөбе (97%) және Оңтүстік Қазақстан(96%) облыстары, Алматы қаласы (93%) көрсетті.

Жоғарыда аталған көрсеткіштерге ерекше көңіл бөлу керек. Олар мұғалімнің кәсіпқойлығының дәрежесін және оның өзін-өзі жетілдіруге бағытталуын куәландырады, сонымен қатар мұғалімдерді ынталандыру үшін қолданылатын және олардың біліктілігі жоғары маман ретінде өсуіне ықпал ететін шараларды айқындайды.

Бұл контекстте мемлекеттік (18%) және мемлекеттік емес (55%) мектептерде жоғары санаты бар мұғалімдермен қамтамасыз етуде айтарлықтай айырмашылықты да қарау керек.

Мұғалімнің үздіксіз кәсіптік даму принципі - үнемі шығармашылық ізденісте болу. Дегенмен, ең алдымен, мұғалімнің тиімділігі мен өзін-өзі дамыту ынтасына әлеуметтік және материалдық факторлар әсер етеді. Бұл – мектеп ұжымы мен басшылығының, білім басқармасының қолдауы және оларға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктер.

«Өрлеу» ҰБАО елдің кардлық әлеуетін жетілдіру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізуде. БАИ мұғалімдерінің сапалық құрамының күшейтілуі көрінді. Осылайша, «Өрлеу» ҰБАО 777 оқытушысының ішінде Кембридж университеті, Лондон білім беру институты және Сеул Кибер университетінің бағдарламалары бойынша даярланған 318 тренер жұмыс істеді.

Біліктілікті арттыру курстарынан жыл сайын барлық деңгейлердің 73 мың педагогикалық қызметкері өтеді. Тек соңғы төрт жылдың өзінде-ақ біліктілікті арттыру курстарынан білім беру жүйесінің 156 310 педагогикалық қызметкерлері өтті (2.2.19 - сурет).


2.2.19 - сурет. «Өрлеу» ҰБАО қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары тыңдармандарының саны, адам


Дереккөз: «Өрлеу» ҰБАО

Мұғалімдерді олардың қажеттіліктеріне сәйкес іріктелген арнайы даярлық бағдарламалар бойынша оқытады. Жалпы бағдарлама жас мұғалімдердің даярлығындағы қиындықтар мен кемшіліктерді жоюға бағытталған. Тереңдетілген бағдарлама мұғалімдердің кәсіптік қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың инновациялық технологияларды қолдану қабілетін дамытады. Зерттеу бағдарламалары мұғалімнің зерттеу және жобалық құзыретін жетілдіруге арналған.

Мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында www.orleu-edu.kz веб-ресурсы жұмыс істейді, бұл оларға кәсіби желілік қауымдастықтарда тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Blended learning» курстарының жаңа форматы мұғалімдерді қашықтан оқытудың мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл - шалғай орналасуы немесе мезгілдік ерекшеліктер себебінен көшпелі сессияларға қатыса алмайтындар үшін өзекті. Материалды қашықтан меңгергеннен кейін тыңдаушылар өз портфолиосын ашық тренингтерде қорғайды.

Соңғы 5 жылда, біліктілікті арттырудың деңгейлік курстары шеңберінде НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы (НЗМ ПШО) мен Кембридж Университетінің білім беру факультеті бірлесіп әзірлеген бағдарламалар бойынша 52,2 мың Қазақстанның мұғалімдері оқытылды. НЗМ өткізетін деңгейлік курстардың форматы өзгергенін атап өткен жөн. Курстардың жаңартылған бағдарламасы мұғалімнің пәндік ерекшелігін ескереді, бұл оқыту шеңберінде алған білім мен дағдыларын тиімдірек қолдануға мүмкіндік береді.

Оқытудың жаңа форматында мұғалімнің өзіндік жұмысына да ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы, үш деңгейдің әрқайсысын меңгеруге бөлінген академиялық сағаттар саны 320-дан 200-ге дейін қысқартылды.
БАСТЫ НАЗАРДА

_____________________________________________________________________________________
Мұғалімдердің көшбасшылық әлеуеті

Мектеп әкімшілігінің даярлық және біліктілік деңгейі мектептегі білім беру жүйесі қызметінің басты аспектілерінің бірі болып табылады. 2015-2016 оқу жылы Қазақстанның мемлекеттік күндізгі білім беру мектептерінде 24 856 жетекші педагогикалық қызметкер жұмыс істеді. Олар: 6 612 мектеп директоры, 10 493 оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары және 7 751 тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.

Төрт жылда менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының 12 900 жетекшісі оқытылды. Сонымен қатар, НЗМ ПШО Кембридж университетімен бірлесіп әзірлеген менеджмент курстарынан 2013-2014 жылдар мерзімінде 1 243 мектеп директоры өтті.

Мектеп директорларының көшбасшы әлеуетін дамыту үшін олардың әкімшілік жүктемелілігімен қатар оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз етудегі олардың ынтасын мадақтау керек. Мектеп қызметінің шаруашылық және оқу салаларын қадағалау қажеттілігі персоналды басқару және тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуды талап етеді.



Татьяна Немцан осы дағдыларды өздігінен дамытатын заманауи директордың үлгісі бола тұра, мектептің әкімшілік қызметкерлері үшін менеджмент курстарының маңыздылығын атап өтті.

Т. Немцан, Арнасай ауылы, Аршалы ауданы, Ақмола облысы

«Жетекшіге басында білім беру объектісінің даму мақсатын дұрыс анықтау керек. Бұл фактор жиі дұрыс бағаланбайды, мектеп директорлары негізінен оған аса мән бермейді».

Аршалы ауданының Вячеслав орта мектебінің директоры Татьяна Николаевна Немцан өзінің инновациялық жобаларымен және кәсіпкерлік қызметімен әйгілі. БҰҰДБ гранттары арқылы жүзеге асырылған жобалар – энергия және су үнемдейтін шараларды білім беру ұйымдарына енгізу, жасыл технология орталықтарын құру. Вячеслав ОМ педагогикалық ұжымы қызметінің негізгі белгісі – шешім қабылдаудағы бастамашылық және оларды жүзеге асырудағы жүйелік көзқарастары. Мектепке енгізілетін энергия үнемдейтін жобалар оқыту шарттарын сапалық жақсартумен қатар, бюджеттік қаражатты да үнемдеуге көмектеседі. Осылайша, пиролиздік жылытуды енгізу мектептің жылына 380 000 теңгесін үнемдейді13.

Мектептің табысты жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары деп Т. Немцан мақсатты тұжырымдау, ұжымның әлеуетін үнемі жоғарылату, инновациялық технологияларды және оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыратын элективті курстарды жүйелі енгізуді санайды. Т. Немцан пікірінше, елдің мектеп жетекшілерінің даярлығын жетілдіру үшін оларға мектепті дамытудың жоспарын әзірлеуге және тәжірибе жүзінде нәтижесін көрсете отырып, білім беру менеджментінің жеке моделін қорғауға үйрету керек.

Білім беру ұйымдары жетекшілерінің әлеуетін өсірудің маңыздылығын халықаралық білім беру қауымдастықтары және дамыған елдер мойындайды.

3-КІРІСТІРМЕ.

_______________________________________________________________________________________________

Мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін арттырудың халықаралық тәжірибесі
Ұлыбритания.14 Ұлттық Педагогика және Көшбасшылық Колледжі орта және жоғары буын мектептері көшбасшы-мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың ұлттық бағдарламаларын ұсынады. Көшбасшы қасиеттерін көрсететін және жақын арада мектеп директоры болғысы келетін мұғалімдерге арналған, ұзақтығы 6-18 ай болатын біліктілікті арттыру курстары ұсынылады.

Курс шеңберінде болашақ мектеп директорлары 2 вариациялық модульмен қатар, 3 міндетті модульді: «Көшбасшылық және оқытуды жетілдіру» (мектеп директорының міндеттері, Офстед қызметінің ерекшелігі, мониторинг, бағалау және мектептегі оқытуды жақсарту әдістемелері, сонымен қатар оқушылардың жетістіктерін жақсарту үшін олармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жасау); «Тиімді мектептің көшбасшысы» (тиімді мектептегі менеджмент жүйесі: персоналды басқару және қаржы менеджменті, мектеп жетекшісінің міндеттері мен есеп беруі, шағымдарды және тәртіптік бұзушылықты қарастыру жүйесі, сонымен қатар, мектеп қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кадрлық жұмыстың нормативтік-құқықтық негіздері); «Табысты көшбасшылық» (қызметтің педагогикалық емес аспектілерді, оның ішінде әріптестермен өзара қарым-қатынасты нығайту туралы кеңестер, тайм-менеджмент, сабырлық сақтау). Мұғалімдерге стратегиялық жоспарлауды және ЖАО және ата-аналармен қарым-қатынас жасауды үйретеді.



Финляндия. 2010 жылы мектеп көшбасшыларының әлеуетін дамытудың моделін өзгерту жөнінде бағдарламасы іске қосылды. Мұғалімдердің көшбасшылық дағдыларын нығайтуға ықпал ететін іс-шаралар өткізудегі мектептердің жауапкершілігіне баса назар аудару бағдарламаның негізгі басымдылығы болды. Мұғалімдерді кәсіби дамудың жеке бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға ынталандырады. Бағдарламаға мектеп директорлары, 55 жастан асқан мұғалімдер, соңғы бірнеше жылда қайта даярлау бағдарламаларына қатыспаған мұғалімдер тартылды. Осылайша, мектеп мұғалімдердің көшбасшылық әлеуетін дамытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігімен бірге олардың нәтижелеріне жауапты болады.

Норвегия. 2009 жылы мектеп директорларының көшбасшылық дағдыларын дамытудың екіжылдық бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарламаның шеңберінде оқушылардың академиялық жетістіктері, мектептің менеджменті және әкімшілігі, мектепті дамыту және ұйымдастырудағы өзгерістер, көшбасшының жеке басы сияқты директор қызметінің бағыттары қарастырылады. Оқытуға жас мектеп директорлары тартылады (өтілі 2 жылдан кем), бұдан әрі бағдарламаға тәжірибелі жетекшілер де тартылатын болады. 15





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет