Исатай аудандық білім бөлімі Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп



бет4/12
Дата27.12.2016
өлшемі4,46 Mb.
#5372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 7 сәуірдің алатын орны ерекше. Бұл күн – осыдан 18 жыл бұрын Ішкі әскерлер тарихына өшпес із қалдырған өлшеусіз ерліктің күні болып саналады. Дәл осы күні тұтқиылдан тап берген жаумен болған қанды ұрыста ішкі әскердің 17 жауынгері қапыда қаза болды. Олар қыршын кетсе де, ақтық демі қалғанша арпалысып, ел намысын бермеді. Биылғы жылдың 7 сәуірі күні сол сұм шайқастың болғанына он сегіз жыл толды. ІІМ Ішкі әскерлер комитеті елордадағы «Отан-Ана» монументі алдында ерлік үлгісін көрсетіп, мерт болған жауынгерлерді еске алды. 

90-шы жылдары Тәжікстан шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топтарға батыл тосқауыл қойған қазақстандық батальон жауынгерлерінің ерлігі ел есінде. ТМД елдерінің 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы» халықаралық келісімшартына сәйкес Қазақ елінің бітімгерлік батальоны 1993-1999 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасын күзетуге жұмылдырылған болатын. Осы уақытта кезекті ауысым бойынша 20 құрама рота құрылып, 2 мыңнан астам жауынгер жат жердің шебін қорғап, тәжік халқының тыныштығын сақтауға ат салысты. Бірақ 1995 жылдың 7 сәуірінде орын алған қайғылы оқиға қарасы қалың қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Таулы Памирдің Пшихавр шатқалынан жүк алып өтіп бара жатқан ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бітімгерлік колонасы тұтқиылдан ауғанстандық моджахедтердің нысаналы шабуылына ұшырайды. Төрт сағатқа созылған қанды қақтығыста Ішкі әскердің 17 жауынгері оққа ұшып, отыз үш әскери қызметші түрлі дәрежедегі жарақат алады. Бірақ өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Шайқаста қаза болған Ішкі әскер жауынгерлерінің есімдері олар қызмет еткен әскери бөлімнің жеке құрамының тізіміне алтын әріппен жазылды. Оларға арналып Ішкі Әскерлердің барлық әскери бөлімдерінде ескерткіштер мен тақталар орнатылды.

Астаналық Отан қорғаушылар саябағындағы «Отан-Ана» монументінің жанында Ішкі Әскерлердің 17 батыр жауынгерін еске алу аллеясы бар. Бұл оқиға туралы естелік кітап жарық көріп, «Казбат» деректі фильмі түсірілді..Содан бері 18 жыл өтсе де, Ішкі әскер жауынгерлері жат жерде ерлікпен оққа ұшқан алаш ұлдарын еске алып, аруақтарына тағзым етіп келеді. Отанына адал қызмет тұтуды мақсат тұтатын сарбаздардың мұндай ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз. Олар Қазақстанның Ішкі әскерлерінің қатарынан шыққан даңқты ұлдар, аяулы ерлер ретінде мәңгі есте қалмақ.

Тәуелсіз Қазақстан үшін, ел үшін ерлік жасаған батырлар туралы жастарға жеткізу – біздің міндетіміз. 1993 жылдан 2001 жылға дейін қазақ жауынгерлері көршілес Тәжікстандағы лапылдаған соғыс оты біздің елге көшпесін деп қан төгіліп жатқан ауған шекарасын күзеткенін бүгін еске бәрі де ала қоймас. Дегенмен, ең алғашқы қаза болған қазақстандық жауынгер, шекарашы кіші сержант Раджан Батырхановтың 1994 жылы 18 қыркүйекте қаруланған лаңкестік топпен батырдай шайқасып, жолдастарын құтқарып, жаудың оғына ұшқанын неге біз еске алмаймыз. 1995 жылы 7 сәуірде қоршауға түсіп, ұзаққа созылған шайқаста қаза болған қазақстандық 17 жауынгер өз әскери борышын абыройлы атқарды. Бұл да еліміздің тарихы. Бүгінгі жастар, болашақ ұрпақ осы және тағы да басқа Қазақстанның батыр жауынгерлерін ұмытпауы қажет.



Видео:Қан майдан қаһармандарына мың тағзым!

Топпен ән айту

Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Ән:«Бейбіт күн тілегі»,

Жүргізуші: Біздің әр күніміз-тарих,Әр күніміз-ерлік шежіресі. Сол тарихты жасаған батырларды ерлік жолын қағаз бетіне түсіру арқылы бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді.Олай болса «ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды»дегендей Боран ата өмірі бізге үлгі, ұрпаққа мұра, алдында бас иіп, кешімізді жалғастырайық!

III. Ерлікке ерте бастан тәрбиеле!

Жырым барда жаралған жаныңды емдер,

Өлгендердің жәнатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәрулеңдер-дей келіп, құрметті қауым, бүгінгі күннің арнаулы шақырылған қонақтарының қатысуымен ерлік сабағын әрі қарай жалғастырамыз.

Құрметті қонақтар тағы да қош келдіңіздер!Өз өмірлеріңіздегі естеліктеріңізден сыр шертіп, көрген қиындықтарыңызды,Қарулы Күштердің қазіргі таңдағы жетістігі туралы әңгімелеп берсеңіздер.

Ардагерлер еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал, бүгін мақтан етер ұрпақтары,

Жеңіс алып, еліне жеткендерді,-

Қымбатты ардагерлерімізге, қонақтарымызға сөз беріледі./Ашық микрофон/


Сіздер айтқан естеліктер бүгінгі ұрпаққа, өсіп- өркендеп отырған қоғамға көбірек қажет деп ойлаймын. Өйткені «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» дегендей, асыл азаматтардың жүріп өткен жолдары, ел қамын жеген мақсат-мұраты мен тындырған игі істері әр қазақ баласы ғибрат аларлықтай үлгі – өнеге болмақ.
- Қорғаныс бөлімі қызметкерлері өз еңбек жолдарыңыз жайында әңгімелеп берсеңіз.Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы туралы сөз қозғасаңыз.

-Ауған соғыс ардагеріҚадыржан аға! Рахмет әңгімеңізге ауған соғысының отты жылдары бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпаққа өшпес өнеге болуға тиіс дейсіз ғой.



  • Сұрақтар қандай әскери оқу орындары бар?

Майдан әзілдері:

Көркемсөз. Оқитын

-Бүгінгі таңда елім деп, жерім деп, күн-түні көз ілмей Отан қорғап жүрген сарбаздарымызға арналады.



Ән: Сарбаздар

Біз Отанның ұланымыз,

Біз Отанның қыранымыз!

Біз бақыттың түлегіміз!

Біз Отанның жүрегіміз!

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі шарамызды аяқтай келе батырлыққа, батылдыққа баулаған өнегелі ерлік сабағы болды деп түйіндейміз.

Кейінгі жастарға үлгі аларлық оқиғаларды әсерлі әңгімелеп бердіңіз үшін, мектеп ұжымы атынан және шәкірттер атынан көп-көп алғыс айтамыз. «Ерлік ешқашан ескірмейді» деген бүгінгі жас сіздерді әрқашанда мақтан тұтады.Ал оқушыларымызға айтарымыз Отанның және халқыңа берілген патриот ұл –қыздары болыңдар.Ешкім де, ешқашан да соғыстың не екенін білмесін деп тілеймін. Алайда, бүгінгі ұрпақ-өздерінің бейбіт өмірінде, алаңсыз күлкісінде, тыныш ұйқысында, үміттері мен армандарында, тербелген талбесіктердің қуанышында, аққу махаббаттарының бал татыған қызықтарында Отанды қорғаған аталарының, апаларының ерлігінің үлесі тұрғанын ұмытпаулары керек. Ұмытпайды да.

Оқушылар бірге:Ерлікті ешқашан ұмытпаймыз!

Ән:«Ана туралы балада»



Жас ұрпақ тілегі:

Бейбіт күн асқары.

Ашық боп тұрсын де

Әлемнің аспаны!

Топпен ән айту:

«Әрқашан күн сөнбесін!»

2-жүргізуші:

Оқушылар ертеңнің иесі, мәңгілік елдің ұпақтары сендерсіңдер. Өз мірлеріңіз өз қолдарыңда «Ерен еңбек пен ерлік бағаланбай қалмайды» дегендей Отан үшін адал еңбек етіңдер, ел үшін ерлік іс тыңдырыңдар!

Құрметті ардагер ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі«Ерлікке тағызым ету-ұрпақ парызы» атты ерлік сабағын аяқтаймыз, Бүгінгі шарамызға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Қош сау болыңыздар!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет