Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет3/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Медбикелік қараудың нәтижесі:
-Тілі – қалың жабындымен шетінде тістерінің іздері қалған.
-Іші – желденген.
-Нәжісі – тоқтаған, ауыр жағдайда - іш өту – сұйық бөлініс, горох пюресі тәіздес.
-Жүрегі – тондары естілмейді, АҚ төмендеген.
-Жүйке жүйесі – қорқынышты түс, галлюцинациялар.
Парасүзек А. Даму мен клиникалық ағымы бойынша іш сүзегінен біршама ерекшеленеді. Парасүзек А инфекциясында ауру жедел басталып, бет гиперемиясымен, склера тамырларының иньекциясымен, жеңіл коньюктивитпен, мұрын бітелумен, жөтелмен, ерні мен мұрын қанатшасында ұшықпен, сирек мұрыннан қан кетумен басталады. Температураның көтерілуі қалтыраумен, ал түсуі – тершеңдікпен жүреді. Тифозды статус аурудың тек өте ауыр жағдайында байқалады. Розеолезді бөртпесі аурудың ерте кезінде көрініп, полиморфтылығымен ерекшелінеді.
Парасүзек В. айқын асқазан-ішек жолдарының бұзылысымен сипатталады. Ауру жиі жедел, айөқын қалтыраумен, бұлшықеттің ауырсынуымен, тершеңділікпен және асқазан-ішек жолдарының бұзылысымен (іш өту, іште ауырсыну, құсу) басталады; жиі жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральді көріністері – жұтқыншақ гиперемиясы, құрғақ жөтел, қарлыққан дауы байқаладаы. Розеолезді бөртпе ерте кезде көрінеді (3-5-күні), ол жиі көп және полиморфты болады.
Медбикелік күтімнің ерекшеліктері:
1.Қатаң төсектік тәртіпті және тыныштықты аурудың барлық кезеңінде қамтамасыз ету. Тәртіптің кеңейтілуін біртіндеп жүргізеді. Науқасқа қалыпты температураның 9-10-күні отыруға ,ал 14-15-күні жүруге рұқсат етіледі. Тәртіптің тез өзгеруі ішектен қан кетуге немесе ішек перфорациясына және аурудың рецидивіне әкелуі мүмкін.
2.Тері мен ауыз қуысының шырышты қабатының күтімі. Себебі ойық пен стоматит дамуы мүмкін. Күніне бірнеше рет ауыз қуысның күтімі жасалады. (Стандарт - 4,5)
3.Науқасты тамақтандыру жылы тағаммен 4-6 рет тәулігіне жүргізіледі. (Стандарт - 6)
4.Сусызданудың алдыналу: жиі сұйықтық беру – тәулігіне 1,5-2л сұйықтықты шай, тұнба түрінде беру.
5.Инфекциялық-токсикалық шок кезінде дәрігерді шақыру. Белгілері: кенеттен қалтырау, жоғары қызба, психикалық қозу, қозғалғыш, мазасыздануы, АҚ жоғарылауы, тахикардия, тері бозаруы. (Стандарт - 7)
6.Ішектен қан кеткенде мұзды мұйық қою. Қан кетудің белгілері: тері мен шырышты қабаттың бозаруы, температураның төмендеуі, пульстің жиілеуі, ба сайналу, кенеттен әлсіздік, АҚ төмендеуі. Нәжісі мен құсығы қара түсті болуы. (Стандарт - 8)
7.Күнделікті медбикелік тексерулер, пациенттің мәселелерін анықтау және тәуелсіз медбикелік араласулар арқылы оларды шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет