- Абдоминалды туберкулез жиі екіншілік дамиды, яғни басқа ағзалардың жиі өкпеден микобактерияның лимфогематогенді жолмен таралуы арқылы. Ал біріншілік зақымдалуы алиментарлы жолмен ифекцияның таралуы арқылы. Ішек туберкулезінің дамуы алиментарлы жолмен зақымдалған жағдайда, спецификалық қабыну процессі регионарлы лимфа түйіндеріне, жіңішке ішек және ішперденің шажырақайының түбірлік лимфа түйіндеріне барып орналасады. Абдоминалды туберкулездің дамуы мен таралуына қолайлы себептер мыналар: жалпы ағзаның әлсіреуі, АІЖ бейспецификалық аурулары, жергілікті резистенттіліктің төмендеуі, дұрыс тамақтанбау, эндокринді бұзылыстар, жүктілік, босану, түсік тастау.
Патологиялық анатомия - Негізгі морфологиялық өзгерістеріне спецификалық гранулема бейспецификалық перифокальды қабыну реакциясымен болуы жатады. Туберкулезді мезаденитте морофлогиялық өзгерістер перифериялық лимфа түйіндерінің туберкулезі сияқты. Ішек туберкулезі кезінде инфильтрация, әктену және тыртықтану болады. Жаралар қан және лимфа тамырлары арқылы шажырақайдан бастап, ішектің барлық айналымын зақымдайды. Ішектің шырышты қабатындағы жаралар орналасқан аймақта бөртпелер дамиды. Жаралар терең емес. Алғашқыда шырышты және шырышасты қабат бұзылады, содан соң спецификалық процесс бұлшық етті қабатқа, серозды қабыққа дейін жетеді. Туберкулезды жаралар сирек перфорациялайды, жиі тыртықтанады, бұдан соң көптеген стриктуралар дамиды. Жаралық формадан басқа, ісік тәрізді формасы болуы мүмкін. Бұл форма кезінде ішек қабырғаларының қалыңдауы болады, тек шырышты қабат бұзылысы болмайды.
- Ішпердедегі өзгерістер оның зақымдалу тереңдігіне байланысты. Төмпешікті, экссудативті, жабысқақа, экссудативті-жабысқақ, жаралы-казеозды формасын анықтайды. Туберкулезді перитонитте ішперденің қалыңдауы және түйілулер дамиды.
Клиникалық көрінісі - Туберкулездің барлық түрінде клинкалық көрінісі жалпы симптомдардан, интоксикация және жергілікті симптомдардан тұрады.
- Абдоминалды туберкулездің барлық орналасуларында бейспецификалық процесс АІЖ таралып, ас қорытылуы мен сіңірілуі бұзылады. Ауруға тән көрініс – салмақ тастау. Басқа туберкулезге қарағанда жоғары әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, тітіркенгіштік, түнгі тершеңдік, ұйқы бұзылысы және анорексияға дейін баруы, субфебрильді температура, тахикардия, АҚҚ төмендеуі. Аускультативті: жүрек тондарының тұйықталуы, ырғақ бұзылысы. Психоневрологиялық бұзылыстар анықталады: депрессия, қорқыныш сезімі.
Достарыңызбен бөлісу: |