ҚЫШҚыл-негіздік титрлеу. ӘДістің МӘні және оның Қолданылуы


V - әлсіз қышқылды әлсіз негізбен (не керісінше) титрлеу. Сонымен



бет2/5
Дата25.01.2022
өлшемі26,95 Kb.
#114525
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЫШ ыл-негіздік титрлеу. Дісті М ні ж не оны олданылуы
ЫШ ыл-негіздік титрлеу. Дісті М ні ж не оны олданылуы, биология тест дұрыс жауаптары, ileto2021
V - әлсіз қышқылды әлсіз негізбен (не керісінше) титрлеу.

Сонымен:

а) әлсіз қышқылда ерітіндіде аздап диссоциацияға түсетіндіктен, оның диссоциация константасы болады – Кd. Нжәне An- концентрациялары өзара тең, ал HAn концентрациясы ерітіндідегі қышқылдың жалпы концентрациясына тең, яғни CHАn.

(9) формуласынан [H+] = √КНА∙СНА, H- концентрациясын есептеп,

рН-ты (12) формула бойынша табады:

pH = 1/2pKHAn – 1/2lgCHAn, мұндағы pKHАn = - lgKHAn.

б) тұз толық диссоциацияға түсетіндіктен,

CAn- = CMeAn, олай болса, pH = pKHAn – lg CHAn/CAn- Осы формула арқылы титрлеу қисығының ортадағы нүктелерін есептейді.

в) MeAn әлсіз қышқыл мен күшті негіз тұзы гидролизге ұшырайтындықтан, эквивалент нүктедегі рН-ты, гидролиз реакциясының константасын жазып, Ксу арқылы

pOH = 7 – 1/2 pKHAn + 1/2lgCAn- есептеп, рН = 14− рОН табады,

Кгидр. = КсуНАn екені белгілі. Эквивалент нүктедегі рН мәнін былай да есептеуге болады: рН = 7 + 1/2pKHAn + 1/2lgCAn-.

Эквивалент нүктеге дейін титрлеу кезіндегі ерітінді буферлі қоспа болады, яғни қышқыл + сол қышқылдың тұзы, сондықтан титрлеу процесінде рН ақырын және біртіндеп өзгереді. Титрлеу қисығының секіріс облысының ерекше практикалық маңызы бар. Ол облыс 0,1мл титрленбеген әлсіз қышқыл қалған және 0,1мл сілті ерітіндісінің артық мөлшері құйылған аралықтағы рН мәндерін қамтиды. Сонда секіріс басталатын нүктеде

рН = 4,76 – lg0,1/99,9 = 4,76 – (−3) = 7,76 болады, pKHAc = 4,76.

Егер 0,1н сірке қышқылын (НАс) 0,1н натрий гидроксидімен титрлесе, эквивалент нүктедегі рН = 7 + 4,76/2 + 1/2lg0,1 = 8,88 болады. Енді NaOH-тың артық мөлшері құйылғанда рН мәні ОНконцентрациясы арқылы анықталады, яғни секіріс аяғында 0,1н сілтінің 0,1мл-де 10-4 моль/л ОНболады, онда рН = 10. Келесі нүктелер де сілтінің артық мөлшерімен анықталады. Сонымен секіріс нүктесі рН 7,76-10 аралығында, сондықтан индикатор ретінде тек фенолфталеин алынады, оның рТ = 9. Сонымен, қышқыл әлсізірек болған сайын титрлеу қисығындағы рН-тың секіріс мәні де аз болады. Сол сияқты әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлегенде де титрлеу қисығындағы секіріс мәні аз болады, бұл жағдайлар индикатор таңдауының мүмкіндігін азайтады.

V - әлсіз қышқылды әлсіз негізбен (не керісінше) титрлеу кезінде тирлеу қисығын құрғанда қышқылдық бөлігі әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлеуге, сілтілік бөлігі титрлеу қисығының әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеген бөлігіне сәйкес келеді. Ал эквивалент нүктедегі рН мәні тұз гидролизінің константасы арқылы анықталады: Кгидр.= Ксунег.Кқышқ.;

Кгидр.= Снег.× С қышқ. тұз. Осы 2 формуланы пайдаланып, рН анықталады:

рН = 7 + 1/2p Kқышқ. – 1/2рКнег.. Егер титрлеу қисығын сызса, рН секіріс мәні жоқ деуге болады, яғни индикатор таңдау өте қиын, сондықтан қышқыл-негіз титрлеу әдісінде ең болмаса бір электролит күшті болуы керек.

Титрлеу әдісінде ерітінділердің нормальды концентрациясы қолданылады.

Сонымен, титрлеу қисығына қарап мынандай қорытындылар жасауға болады:

1. Түсін тек рН = 7 де өзгертетін индикаторды ғана таңдамауға болады.

(HCl + NaOH – үшін э.н. рН = 7 де болады).

2. Тым концентрациясы жоғары, не тым концентрациясы төмен ерітінділерді титрант ретінде алуға болмайды. Концентрациясы көп болса, титрлеу әдісінің қатесі көбейеді, концентрациясы аз болса, титрлеудің секірісі аз болады, сондықтан ерітінді концентрациясы 0,1н оптимальды деп есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет