ҚЫШҚыл-негіздік титрлеу. ӘДістің МӘні және оның Қолданылуы


Неге индикаторлардың молекуласы және ионы әр түрлі түске боялады?



бет4/5
Дата25.01.2022
өлшемі26,95 Kb.
#114525
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЫШ ыл-негіздік титрлеу. Дісті М ні ж не оны олданылуы

Неге индикаторлардың молекуласы және ионы әр түрлі түске боялады? Бұл сұраққа индикаторлардың хромофорлық теориясы жауап береді. Бұл теория бойынша органикалық қосылыстар, яғни индикаторлардың түсінің өзгеруі – олардың молекуласының құрылысына байланысты, яғни олардың молекулаларында хромофорлар деген ерекше атомдық топтар болады, солардың молекула ішінде құрылыстарын өзгертуіне байланысты индикатор түсі де өзгереді. Мысалы, метилоранж (м.о.) формуласы:

(СН3)N – N = N- SO3(Ind-) + H2O, pH > 7 сары;

(СН3)N= N-NH-SO3(HInd ) +OH-, pH < 7 қызыл.

Титриметриялық әдістің нәтижесінің дұрыс болуы индикаторды дұрыс таңдағанға көп байланысты. Ол үшін:

1. Индикатордың рТ-сы эквивалент нүкте болатын рН-тың мәніне жақын болуы керек;

2. Индикатордың түсі өзгеретін интервал шамасы титрлеу шегіне өте жақын болуы керек не соның мәніне кіруі керек;

3. Индикаторлардың өздері де қышқыл не негіз болғандықтан қышқыл-негіздік титрлеу кезінде оның көп мөлшерін алуға болмайды, себебі титранттың артық мөлшері жұмсалуы мүмкін, сондықтан 1-2 тамшы ғана тамызу керек және параллель жүргізілген тәжірибелерде әрқашан индикатордың бірдей мөлшерін алу керек;

4. Индикатор концентрациясы да оның түсіне әсер етеді.

Егер осы талаптар орындалмаса, анализ нәтижесінде қате кетуі мүмкін, ондай қателерді индикаторлық қате деп атайды. Оны анықтау үшін мынандай формулар қолданылады:

ΔН= 10-рТV2/CнV1×100% – титрлеудің сутектік қатесі, егер күшті қышқыл аяғына дейін титрленбесе, не әлсіз не күшті негіздерді күшті қышқылмен артық титрлесе.

ΔОН= 10-(14- рТ) V/Cн∙V1×100% – титрлеудің гидроксильдік қатесі, егер күшті негіз аяғына дейін титрленбесе не күшті не әлсіз қышқыл күшті негізбен артық титрленсе.

ΔНА =10рК – рТ/1+10рК – рТ×100% -қышқылдық қате, егер әлсіз қышқыл НА молекуласы аяғына дейін титрленбесе.

ΔМОН = 10рК + рТ-14/1+10рК + рТ-14100% -сілтілік қате, егер әлсіз негіз МОН молекуласы аяғына дейін титрленбесе.

V1 – титрлеуге алынған анализге түсетін заттың көлемі, мл;

V–титрлеудің аяғындағы ерітінді көлемі, мл;

Сн – анализге түсетін заттың нормальды концентрациясы;

рК – әлсіз электролиттің диссоциация константасы;

рТ – индикатор көрсеткіші. Мысалы:

1. 0,1н құмырсқа қышқылын 0,1н NaOH титрлегенде м.о. индикаторын қолданған. Оның рТ = 4 болса, рН = 8,22 болғанда эквивалент нүкте (э.н.) орнаса, олай болса, титрлеу рН = 4-те бітеді, сондықтан титрленбеген НСООН молекуласы ерітіндіде қалады. Сонда қышқылдық қате

ΔНА = 103,75-4 /1+103,75-4 ×100 = 64%, рК = 3,75.

2. Ал егер индикатор ретінде фенолфталеин қолданылса, рТ = 9, онда э.н. үшін рН = 8,22 болғандықтан әлсіз қышқыл аяғына дейін титрленбеді, олай болса, гидроксильдік ΔОН= 10-(14- 9)∙20 /0,1∙10×100% қате кетеді:

ол 0,02% болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет