ҚЫШҚыл-негіздік титрлеу. ӘДістің МӘні және оның Қолданылуы


ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ТЕХНИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУГЕ ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУДІ ҚОЛДАНУ



бет5/5
Дата25.01.2022
өлшемі26,95 Kb.
#114525
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЫШ ыл-негіздік титрлеу. Дісті М ні ж не оны олданылуы
ЫШ ыл-негіздік титрлеу. Дісті М ні ж не оны олданылуы, биология тест дұрыс жауаптары, ileto2021
ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ТЕХНИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУГЕ ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУДІ ҚОЛДАНУ

Көптеген тамақ өнімдерінің технологиясы биохимиялық және микробиологиялық процестерге негізделген. Ал бұл процестер ортаның қышқылдығына өте байланысты (Ферменттер мен бактериялардың жағдайлары ортаның қышқылдығына өте байланысты).

Шикізат пен дайын тағамның сапасының басты сипаттамасы – қышқылдықтың мәніҚышқылдықтың көрсеткіші (мәні) технологиялық процестің дұрыс жүріп жатқанын көрсетеді.

Активті және жалпы (титрленетін) қышқылдық болады. Активті қышқылдықты ортаның рН-ын анықтау арқылы табады. Жалпы қышқылдық қышқыл мен қышқыл тұздардың шамасына байланысты. Шикізаттағы, дайын тамақ өнімдеріндегі (ұнда, ашытқыда, крахмалда, макарон және кондитер тағамдарында, қанда, сусындарда, сүтте, етте, т.б.) жалпы қышқылдықты қышқыл-негіздік титрлеу әдісі арқылы анықтайды.

Қышқыл-негіздік титрлеуде стандартты ерітінді ретінде тұз қышқылын және натрий не калий гидроксидтерінің ерітінділері қолданылады. Бірақ тұз қышқылының стандартты ерітіндісін жасау әдістемесі жоқ болғандықтан, оның титрін стандартты заттар арқылы анықтайды. Стандартты зат ретінде бураны (натрий тетрабораты) Na2B4O7×10H2O, сусыз натрий карбонатын Na2CO3, калий йодатын KIOалуға болады.

Көбінесе натрий тетраборатын (бура) алады. Ол суда ерігенде, гидролизге ұшырайды:

Na2B4O+ 7H2O ↔ 4H3ВО+ 2NaОН

B4O2- + 7H2O ↔ 4H3ВО+ 2ОН-

Негіздік орта пайда болады, сондықтан қышқылмен титрлеуге болады. Тетраборатты тұз қышқылымен титрлеуді мынандай теңдеу арқылы көрсетуге болады:

Na2B4O+ 2HCl + 5H2O = 2NaCl + 4H3ВО3

Яғни тетрабораттың гидролизінен пайда болған 2NaОН молекуласына

2 молекула HCl керек. Реакция нәтижесінде әлсіз бор қышқылы түзіледі, сондықтан эквивалент нүктедегі рН-ты былай табуға болады:

рН = 1/2рКқышқ. -1/2lgСқышқ. = 9,24/2 - 1/2lg10-1

рКбор қышқ. = 9,24; рН = 9,24/2 + 0,5 = 5,12.

Олай болса, титрлеуге метилқызыл не метилоранж индикаторларын алу керек.Тетраборатты концентрациясы 0,1н болатындай етіп дайындайды.

Тетрабораттың эквивалент массасы 1/2(МNa2B4O7) болады, себебі гидролиз нәтижесінде пайда болған 2 NaОН молекуласы 2 моль HCl-мен әрекеттеседі. Жұмысты орындау техникасы зертханалық жұмысты орындау нұсқауында беріледі.

Ерітінділерде қышқылдар мөлшерін анықтау үшін натрий не калий гидроксидтері қолданылады, бірақ олар ауадан көмір (IV) қышқыл газын жұтады, сондықтан олардың ерітінділерінде Na2СОқоспасы болатындықтан, олардың концентрациялары есептеп табылған концентрацияға сәйкес болмайды. Сондықтан натрий гидроксидінің концентрациясын стандартты заттар (қымыз қышқылы, бензой қышқылы, калий бифталаты т.б.) арқылы анықтауға болады:

2NaОН +Н2С2О= Na2С2О+2H2O

Қымыз қышқылының эквивалент массасы 1/2М(Н2С2О4×2H2O), себебі екі негізді қышқыл. Қымыз қышқылының ерітіндісін СО2-сі жоқ дистилденген суда дайындау керек, себебі фенолфталеин индикаторымен титрлегенде (ол өте СО2-ге сезімтал және ерітіндіде тағы Н2СОқышқылы пайда болады, сондықтан NaОН-тың артық мөлшері кетеді), дұрыс мән алынбайды.


Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Қышқыл-негіздік индикаторлар деген не, мысал келтіріңдер.

2. Индикатор түсі өзгеретін интервал деген не, индикаторлық көрсеткіш деген не?

3. Неге индикаторлық қателер пайда болады?



4. Тамақ өнеркәсібінде қышқыл-негіздік титрлеудің қолданылуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет